ДИКТОР: Облыстық полиция департаментінің арнайы жедел әрекет ету жасағында негізінен елге танымал спортшылар қызмет етеді. Олардың әр күні, әр сағаты жаттығуларға толы.

РКС: Біз болған күні жасақ командирі, қолма-қол айқас пен джиу-джитсудан ҚР спорт шебері, талай халықаралық жарыстардың жеңімпазы, жаттығу өткізіп жатты. Ол өзінің ширақ қимылы, техникалық-тактикалық тәжірибесін қарамағындағы жасақтарға үйретуден әсте жалыққан емес.

СТЕНДАП: ҚАЛЫМБЕК МҰХАМЕДЖАНОВ, ТІЛШІ: Бұл жасақ қызметкерлерінің заңға сәйкес, түрін түстеп, аттарын атауға болмайды...

СНХ: СЭНСЕЙ, ЖАСАҚ КОМАНДИРІ: Біздің жасаққа шыныққан шымыр спорттық атағы бар 18 жастан асқан жоғары білімді азаматтар мен азаматшалар қабылданады. Олар жұмысқа кірісімен, өздерінің спорттық шеберліктерін одан әрі жетілдіреді. Облыстық, республикалық жарыстарға қатысып, ел намысын қорғайды. Біздің спорттық мансабымызды жетілдіріп, шеберліктерімізді арттыруға мүмкіндік бар.

РКС: Жасақ жігіттерінің арасынан белгілі боксшы ініміздің бірін жолықтырдым. Ол халық тыныштығын қырағылықпен күзете жүріп, спорттық жаттығуларда да маңдай тер төгуде.

СНХ: 90, БОКСТАН ҚР СПОРТ ШЕБЕРІ: Мен бокспен бала кезімнен айналысып келемін. Сан мәрте облыстық, республикалық және халықаралық жарыстардың жеңімпазы атандым. Бүгінгі қызметімде спорттың пайдасын көріп жүрмін. Менің берілген тапсырманы бұлжытпай орындауыма да септігін тигізеді. Біз қалт еткен бос уақытта жасақтың базасындағы спорт алаңдарында жаттығамыз.

РКС: Арнайы жедел әрекет ету жасағында нәзік жандылар да қырағылықпен қызмет етіп жүр. Сондай арулардың бірі, қоян-қолтық айқастан әлем чемпионы әріптестерімен бірге аянбай еңбек етіп жүр.

СНХ: КРОХА, ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДӘРЕЖЕДЕГІ СПОРТ ШЕБЕРІ: Қатарымызда қандай да болмасын іс-қимылда жылдам әрекет ететін қыздар аз емес. Олардың барлығының спорттық мансабы бар. Ерлермен тізе қосып, қырағы күзетте. Бүгінде өзіміздің спорттық шеберлігімізді жетілдіріп жатырмыз. Алдағы жарыстарға да дайындық үстіндеміз. Біздің жасақ әр кезде қырағы, әрі спорттық бапта болуға тиіс.

РКС: Жедел әрекет ететін жасақтың әр күні спорттық жаттығуларға толы. Олар шыныққан шымырлықтарын ширатып, қырағылықтарын арттыра түсуде.

ҚАЛЫМБЕК МҰХАМЕДЖАНОВ, ДАРХАН МҮЖІБАЕВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ