ДИКТОР: Степногорск қаласында 1 мың орындық жаңа мектеп пен көпсалалы спорт кешені салынады. Қалалық әкімшілік пен «АК Алтыналмас» акционерлік қоғамы екі ірі әлеуметтік нысанның құрылысы бойынша меморандумға қол қойды.

РКС: Жобалардың жалпы құны 22 млрд. теңге. Жаңа Спорт сарайы дене шынықтырумен айналысатын орын ғана емес, облыстық, республикалық деңгейдегі іс-шараларды өткізуге арналған алаңға айналмақ. Жобада бассейн, әмбебап, спорт және арнайы жабдықталған залдар болады деп көрсетілген. Спорт сарайы келер жылы аяқталады деп күтілуде.

СНХ: БАЛАМИР МАХАНОВ, «АК АЛТЫНАЛМАС» АКЦИОНЕРЛІК ҚОҒАМЫНЫҢ БАСҚАРМА ТӨРАҒАСЫ: Ақмола облысында бір емес, бірнеше жобаны іске асырдық, көптеген түрлі жобалар болды. Енді, міне, биыл біз бірінші рет осындай ауқымды жобаны бастауды ұйғардық. Біз қала әкімдігімен де, облыс әкімдігімен де Степногорск қаласының әлеуметтік жағдайын жақсарту үшін қаражатты дұрыс, мақсатты бағыттауға болатын жобаларға тоқталдық.

РКС: Мектеп 2027 жылдың қыркүйегінде аяқталады деп жоспарланып отыр. Оқу орны мектеп оқушыларының қолайлы әрі тиімді білім алуына ықпал ететін барлық қажетті құрал-жабдықтармен жабдықталмақ.

СНХ: БАЛАМИР МАХАНОВ, «АК АЛТЫНАЛМАС» АКЦИОНЕРЛІК ҚОҒАМЫНЫҢ БАСҚАРМА ТӨРАҒАСЫ: Бір мың оқушыға арналған мектеп болады. Ішінде жаңа, кең заманауи оқу кабинеттері, зертханалар, IT орталық орналасады, заманауи спорт залдары, кітапханалар, құрылыс толығымен экологиялық таза және энергияны үнемдейтін тәсілмен жабдықталмақ.

РКС: Меморандумға қол қою өңірдің әлеуметтік инфрақұрылымын дамыту жолындағы маңызды қадам. Әлеуметтік маңызды нысандар өскелең ұрпақтың болашағына жасалынған игі істер екені даусыз.

МАҚПАЛ АЙБАБИНА, ЭДУАРД ПОГРЕБИЦКИЙ, АЛМАС САДУАҚАСОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ.