ДИКТОР: Облыстық мемлекеттік қызметі істері жөніндегі департаменті Әдеп жөніндегі кеңесінде 6 іс қаралды. Оның бәрінде Әдеп Кодексінің нормалары бұзылған. Целиноград ауданына қарасты Қабанбай батыр ауылдық округінің әкіміне қатысты қызметтік тергеу жүргізілген. Кеңесте өзге де қандай мәселелер қаралды? Тілші жеткізсін.

РКС: Мемлекеттік қызметші өз қызметтік міндеттерін атқару барысында әдеп нормаларын сақтамай, мемлекеттік қызметкерлерге қойылатын мінез-құлық талаптарын бұзған. Бұл әрекет жергілікті халықтың мемлекеттік билікке деген сеніміне нұқсан келтірген.

СНХ: БАҚЫТЖАН ЖАҚАЕВ, ЦЕЛИНОГРАД АУДАНДЫҚ ПРОКУРАТУРАСЫНЫҢ АҒА ПРОКУРОРЫ: Нұрлан Қайратұлы қоғамдық орында, яғни полиция бөлімшесінде қылмыстық құқықбұзушылыққа жол берген. Ол әдейі жеңіл дене жарақатын келтірген. Жәбірленушінің мұрны сынған. Менің пікірімше, ол ауылдық округ әкімі лауазымына лайық емес, сондықтан оны атқарып отырған қызметінен босату мәселесін қарау қажет.

РКС: Ауылдық округтің әкімі өзіне тағылған айыптауларға жауап ретінде өз көзқарасын білдірді. Оның айтуынша, бұл жағдай бұрмаланған түрде жеткізілген.

СНХ: НҰРЛАН НҰРАЛИН, ҚАБАНБАЙ БАТЫР АУЫЛДЫҚ ОКРУГІНІҢ ӘКІМІ: Мұндай жағдай кез келген адамның басынан өтуі мүмкін. Прокурор айтқандай, ол кезде қашу керек еді. Бірақ оған себеп болған жоқ – біз ондай мақсат қоймаған едік.

РКС: Әкімге қатысты тиісті шаралар қабылданды. Алайда, қызметтік тергеудің мүддесіне байланысты толық ақпарат жарияланбайды.

ЖАНАР МҰҚЫШЕВА, ЗАРИНА САПАРҒАЛИЕВА, МЕДЕТ ҚАЙЫРКЕНОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ