ДИКТОР: Отбасы қоғамның басты тірегі, жанұяның бірлігі бекем,тірлігі көпке үлгі болса, қоғамға тигізер пайдасы зор. Отбасының осындай баға жетпес құндылықтарын дәріптеп, ұрпақтың бойына сіңіру қазіргі аға буынның міндеті және парызы. Тілшіміз Нұрсәуле Мұратқызы баяндайды.
РКС: Толық отбасы – бұл мейірім мен сүйіспеншілікке толы шаңырақ. Әке – тірек, ана – жүрек, бала – өмірдің мәні. Мұнда әр мүшенің орны бөлек, әр күн шаттыққа толы. Отбасы – ұлттық тәрбиенің өзегі, ұрпаққа үлгі болар құндылықтардың бастауы. Бақытты балалық шақ, дұрыс тәрбие, сенімді тірек – барлығы толық отбасынан бастау алады. Осындай отбасы – қоғамның берік іргетасы. Шаңырақтың шырайын ашып отырған Қарауыловтар отбасы көпке үлгі.
СНХ: НАУШАН ҚАРАУЫЛОВА, КӨКШЕТАУ ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ: Отбасы құндылығы дегеніміз-ауызбіршілік деп ойлаймын, сыйластық, ынтымақ. Отбасымыздың ішімізде әдет-ғұрып,қазақтың салт-ғұрпын сақтау. Ата-ананың да,әке мен шешенің де тәрбие беруде өзінің орны бар. Ата-әже деген айтады ғой,қарты бар үйдің қазынасы бар деп. Ата,ападан тәрбие алған бала өскенде ертең сондай мейірімді болады деп ойлаймын мен немерелерді. Әрине,өзінің әке шешесінің де тәрбиесі балаға керек. Өкінішке қарай қазір біздің қоғамда әке,шеше көбінде материалдық жағынан қамтамасыз етемін деп баланың тәрбиесіне қатыса қоймайды. Ол дұрыс емес деп ойлаймын.баланы материалдық жағынан қамтамасыз етумен қатар балаға әкенің тәрбиесі де керек деп ойлаймын. Өйткені, ер балаға әсіресе әкенің тәрбиесі керек.
СНХ: КЕНЖЕТАЙ ҚАРАУЫЛОВ, КӨКШЕТАУ ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ: Қазір апа екеуіміз тәрбиелеп отырмыз өзімізше. Әке мен шеше өзінше тәрбиелейді. Біз жұмсақ қараймыз,ата-анасы қаталдау қарайды. Ол да дұрыс шығар. Әсіресе апасы арамызда жүретін олардың арасында. Мен енді балаларды анда апар,мында апар сонымен өмір сүріп келеміз. Таң атады,күн батады. Алла тағала бізге тыныштық,абырой берсін. Деніміз сау болып,осылардың қызығына тоймай жүре берейік.
РКС: Отбасы құндылығы ұлт қазынасы. Қазір өрелі ұл, өнегелі қыз өсіріп отырған отбасыларда аз емес. Соған нақты дәлел, Қарауыловтар отбасы десек артық айтқандық емес. Шаңырақтың басы – Кенжетай Қарауылов ұзақ жыл механизатор, бригадир, ал отанасы Наушан мәдениет саласында еселі еңбек етті. Қазірде қос қария ұлы мен келінінің қамқорлығында, немерелерінің қызығын көріп отыр.
СНХ: ГҮЛМИРА ҚАРАУЫЛОВА, КЕЛІНІ: Мен 15 жыл ата-енемен тұрып жатырмын. Еш жамандық көрген жоқпын. Бірге тұрғаны жақсы. Өйткені бізге көмектеседі көп жағынан. Балаларды мектепке апарады, әкеледі. Мектептен келгенде тамағын береді, бар жағдайын істейді. Сондықтан біз күйеуімізбен алаңдамай жұмыс істейміз. Қазіргі жастарға айтқым келеді, ата-енемен тұрғаны жақсы. Өтйкені бір ата,ананың тәрбиесін ғана алмай, ата-әжесінің де тәрбиесін алады.Осындай толық жанұяда өскен бала екі есе бақытты болады деп ойлаймын.
РКС:Отбасы-шағын мемлекет. Оның өсіп-өркендеуіне отбасындағы әр адам жауапты. Отбасылық құндылықтарды сақтау, қоғамның басты мәселелерінің бірі. Сондай-ақ, қоғамды рухани дамытып қана қоймай, дін мен дәстүр сабақтастығын айқындай отырып, қыз бала тәрбиесі, толық отбасы құндылығын сақтау, оны келер ұрпаққа жеткізу басты назарда.
НҰРСӘУЛЕ МҰРАТ, МЕДЕТ ҚАЙЫРКЕНОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ