ДИКТОР: Зеренді ауданы бойынша 32 мыңнан астам тұрғын бар. Оның 21 мыңдайының дауыс беру құқығы бар. Аудан бойынша 70 референдум учаскесі жұмыс істеп тұр. Соның бірі Ақкөл ауылында орналасқан №511 референдум учаскесі таңғы сағат 7-ден жұмысын бастады. Жалпы бұл ауылдағы референдум учаскесінде 600-ден астам азамат тіркелген.
РКС: Ел өміріндегі маңызды саяси науқанға ауыл тұрғындары ерекше дайындықпен келген.
STAND-UP: РИЗАГҮЛ ШӘМЕНОВА, ТІЛШІ: Ауыл азаматтары дауыс беру учаскесіне қазақтың ұлттық киімін киіп, құран құсын қондырып, тазыларын жетектеп әкелді. Осылайша ауыл тұрғындары ел тағдыры шешілітін маңызды күні ұлттық дәстүрді дәріптеп, дауыстарын берді.
СНХ: ҚАЙЫРКЕН МАЛҒАЖДАРОВ, АҚКӨЛ АУЫЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ: Бүгін біздің өмірімізде ерекше уақиға, еліміздің өзгеруіне айрықша әсер ететін референдум дауыс беруге келіп тұрмыз. Бұл Қазақстанның бағыттарының өзгеруіне ерекше әсер етеді. Өйткені біздің Конституцияда жаңа толықтырулар енгізіліп, биліктен бастап бүкіл әлеуметтік, құқықтық-экономикалық салаларда реформа жүргізіледі. Біз дауыс беру арқылы өзіміздің болашағымызды айқындаймыз. Мұны ешкім бей-жай қалдырмайтыны анық. Әркім референдумға өз ынта- ықыласын білдіріп референдумға қатысып, өмірдің алдың бағытында өздерінің болашағы үшін дауыс береді деп сенемін.
РКС: Азаматтық борышын орындау мақсатында ауыл ішінен шыққан майталман спортшылар да таңмен таласа дауыс берді.
СНХ: НҰРТІЛЕУ КӨКЕНОВ, СПОРТШЫ: Ата заңды толықтай қолдаймыз. Өз дауысымызды бердік, таңдауымызды жасадық. Көңіл күйіміз жақсы. Дауыс берушілер келіп жатыр. Барлығы жақсы өтіп жатыр.
РКС: Дауыс беру процесін ұйымдастыруға аудан бойынша 70 учаскелік және 1 аумақтық комиссия тартылған.
СНХ: САМАТ БЕКТҰРҒАНОВ, №511 РЕФЕРЕНДУМ УЧАСКЕСІ КОМИССИЯСЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ: Қазіргі таңда бізде ауылда 920 адам тұрып жатыр. Соның ішіндегі 677-і дауыс береді. Сайлау учаскесінде 2 кабинкамыз бар. Үлкен бюлеттень салатын жәшігіміз бар және де кішкентай жәшігіміз ауылдағы келе алмайтын кісілердің үйлеріне баратын. Бүгінгі таңда 14 үйге баруға жоспарлап отырмыз.
РКС: Зеренді ауданында 3 жабық дауыс беру учаскесі де қарастырылған.
РИЗАГҮЛ ШӘМЕНОВА, САНЖАР НҰРПЕЙІСОВ, АЛМАС СӘДУАҚАСОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ