ДИКТОР: Қосшы қаласында12 референдум учаскесі жұмыс істеп тұр. Онда 24 мың 231 дауыс беруші тіркелген. Халық Ата Заңдағы өзгерістерге қолдау білдіруде белсенділік танытып жатыр.
РКС: Қосшыға қала мәртебесі берілгелі тұрғындардың да белсенділігі артты. Олар кез келген істе ұйымшылдық танытып жүр. Өйткені, елдің дамуы мен болашағы әрқайсымыздың белсендігімізге байланысты,-дейді олар. Бүгін мүмкіндігі шектеулі жандар мен алғаш рет дауыс беруші жастарға тарту жасалып жатыр.
СНХ БАУЫРЖАН ҚАРАҒЫЗҰЛЫ, «JANA BASTAU» ГАЗЕТІНІҢ БАС РЕДАКТОРЫ: Әркімнің өзінің байламы, бағамы бар, танымы, түсінігі бар. Біреу құптайды, біреу құптамас, қоғам құр сөйлемнен тұрмайды, ол белгілі бір қадам жасаудан тұрады. Мен сондай өзімнің қадамымды жасадым. Өз қадамымды жасап, болашаққа өз дауысымды бердім.
РКС: Дауыс беру учаскелерінде халықаралық байқаушылар, партиялар мен қоғамдық ұйымдардың өкілдері де отыр. Олар бәрінің заңды өтуіне мүдделі.
СНХ: ЕРБОЛАТ ЕЛУБАЙ, ҚОСШЫ ҚАЛАСЫ АУМАҚТЫҚ РЕФЕРЕНДУМ КОМИССИЯСЫНЫҢ ХАТШЫСЫ: (ТЕЛЕФОН АРҚЫЛЫ)
РКС: Конституциялық реформа ең алдымен жеке адамның құқығы мен бостандығына кепілдік береді. Әр Қазақстан азаматы өз елінің тұтастығы мен егемендігі үшін еңбектенуі тиіс. Ол қай елде жүрсе де Ата Заңның аясында қорғалатынын біледі.
ГӘККУ АСЫЛБЕКҚЫЗЫ, ТЕМІРЛАН СӘБИТОВ, «КӨКШЕ-АҚПАРАТ».