ДИКТОР: Жалпыхалықтық референдумға «Мерейлі отбасы-2025» ұлттық байқауы облыстық кезеңнің жеңімпаздары да қатысты. Хамзиндер отбасы Щучинск қаласындағы 327-нші учаскеге келіп, дауыс берді. «Мерейлі отбасы-2025» ұлттық байқауы облыстық кезеңінің жеңімпаздары азаматтық ұстанымның үлгісі іспетті. Тату-тәтті әрі өзгелерге үлгі болатын облыстық байқауда бас жүлдені еншілеген Хамзиндер отбасы бұл жолы да азаматтық жауапкершіліктерін көрсетті.

СНХ: ХАМЗИНДЕР ОТБАСЫ, «МЕРЕЙЛІ ОТБАСЫ-2025» ҰЛТТЫҚ БАЙҚАУЫ ОБЛЫСТЫҚ КЕЗЕҢІНІҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ: Бүгінгі күні біздің жанұя өз шешімін қабылдап, референдумға қатысып отыр. Бұл біздің мемлекетіміз үшін, біздің әулетіміздің қосқан бір зор үлес деп ойлаймын. Әр бір жан бүгінгі таңда өз шешімін қабылдап, осы референдумға атсалады деп ойлаймын. Өйткені әрбір жан үшін біздің мемлекетіміздің тыныштығы өте маңызды.

РИЗАГҮЛ ШӘМЕНОВА, ЗАРИНА САПАРҒАЛИЕВА, БЕКЖАН ТӨЛЕБЕК, КӨКШЕ АҚПАРАТ