ДИКТОР: Ауылдық округтерде де дауыс беру процесі белсенді. Халық өз учаскелеріне ерте келіп, таңдауын жаса жатыр. Көкшетау қаласының іргесіндегі Красный Яр ауылындағы референдум учаскесінің жұмыс барысын тілші баяндасын.

ИНТЕРШУМ:

РКС: Хамдиевтер отбасы ертесімен референдум учаскесіне келіп, өз таңдауларын жасады.

СНХ: ЛЮБОВЬ ХАМДИЕВА, КРАСНЫЙ ЯР АУЫЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ: Біз Қазақстанда туып-өстік. Кез келген осындай бастамадан шет қалған емеспіз. Өйткені елдің болашағы әрқайсымыз үлес қоссақ дами түседі. Сондықтан қашан да бірінші болып келіп, таңдау жасауға тырысамыз. Бүгін де сол үрдісті қайталадық десем болады. Елдегі болып жатқан барлық бастама мен өзгерістерді қолдаймыз, еліміздің жанашырымыз. Біз патриоттық рухта тәрбиелендік, патриотизм сезімі бойымызға терең сіңген.

РКС: Чемпиондар мен танымал спортшылар да дауыс беріп, азаматтық ұстанымын көрсетті.

СНХ: ЕРХАН БЕКСҰЛТАНОВ, ЕРКІН КҮРЕСТЕН АЗИЯ ЧЕМПИОНЫ: Бүгін таң азаннан келіп, өз дауысымды референдумға бердім. Өз дауыстарыңызды беріңіздер.

СНХ: КАРИНА ИБРАГИМОВА, БОКСТАН ҚР ЕҢБЕК СІҢІРГЕН СПОРТ ШЕБЕРІ: Мен Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген спорт шеберімін. Бокстан Олимпиада ойындарына қатыстым. Азия чемпионы және әлем чемпионатының финалисімін. Бүгін мен референдумға өз дауысымды беру үшін келдім, өйткені өз ойыңды білдіру әр адамның азаматтық борышы деп есептеймін. Мұндай шаралар елімізді біріктіреді. Әр адам ел өміріндегі елеулі оқиғаларға қатысып, саналы түрде таңдау жасауы керек деп ойлаймын.

СНХ: СӘКЕШ УӘЛИЕВА, КРАСНЫЙ ЯР АУЫЛЫ №1 УЧАСКЕЛІК РЕФЕРЕНДУМ КОМИССИЯСЫНЫҢ ТӨРАЙЫМЫ: Красный Яр ауылының «Көкше» Мәдениет Үйінде референдум учаскесі орналасқан. Мұнда 2643 дауыс беруші тіркелген. Референдумға шақыру бойынша алдын ала жұмыстар жүргізілді. Бүгін дауыс берушілер белсенді дауыс беріп, өз таңдауын жасайды деген ойдамын.

РКС: Бұл референдум учаскесінде алғаш рет 72 адам алғаш рет дауыс беруші ретінде тіркелді. Үйде дауыс беру мүмкіндігін 21 адам пайдаланады. 22 азаматтың мүгедектігі бар. Оларға жылжымалы дауыс беру жәшіктері ұйымдастырылады.

РИЗАГҮЛ ШӘМЕНОВА, ЗАРИНА САПАРҒАЛИЕВА, ПАВЕЛ СОЛОВЬЕВ, БЕКЖАН ТӨЛЕБЕК, КӨКШЕ АҚПАРАТ