ДИКТОР: Бүгін азаматтар еліміздің барлық өңірінде жаңа Конституция жобасын қабылдау жөніндегі республикалық референдумға қатысып жатыр. Ата Заңға ұсынылған жаңа түзетулер қолданыстағы Конституция мәтінінің шамамен 84 процентін қамтиды. Біздің түсірілім тобы Көкшетаудағы №21 референдум учаскесіндегі дауыс берудің барысын көріп қайтты.
ИНТЕРШУМ:
РКС: Азаматтар өз таңдауларын құпия дауыс беру арқылы білдіріп жатыр. Көкшетау қаласындағы референдум учаскелері қалыпты режимде жұмыс істеуде. Қала тұрғындары таңертеңнен бастап белсенді түрде келіп, азаматтық ұстанымдарын танытып, дауыс беруге қатысуда.
СНХ: МӘРИЯМ ӘБІШЕВА, ҚР ЭКОЛОГИЯ ЖӘНЕ ТАБИҒИ РЕСУРСТАР МИНИСТРЛІГІ ҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕСІНІҢ МҮШЕСІ: Мен Көкшетау қаласындағы №2 орта мектепте орналасқан №21 референдум учаскесіне келдім. Таңғы сағат 7-де алғашқы азаматтар дауыс берді. Мемлекеттік Әнұран шырқалып, учаске ресми түрде ашылды. Содан бері өз дауысын беруге келген тұрғындар легі жалғасуда.
РКС: Дауыс беру рәсімі қалыпты жүргізілуде: учаске құпия дауыс беру кабиналарымен және бюллетень салу жәшіктерімен қамтамасыз етілген. Қажет болған жағдайда 9 адамнан тұратын комиссия мүшелері сайлаушыларға көмек көрсетеді.
СНХ: АНАР БАТҚАЛОВА, №21 УЧАСКЕЛІК РЕФЕРЕНДУМ КОМИССИЯСЫНЫҢ ТӨРАЙЫМЫ: Бұл учаскеге 1885 сайлаушы тіркелген. Бүгінгі референдум жоғары деңгейде өтіп, барлық әрекет заң аясында жүзеге асатынына сеніміміз мол. Учаскеде негізгі дауыс беру үшін бір үлкен бюллетень жәшігі орнатылған, ал үйде дауыс беретін азаматтар үшін екі портативтік жәшік қызмет көрсетеді.
РКС: Айта кетейік, бүгін облыс аумағындағы барлық дауыс беру учаскесі кешкі сағат сегізге дейін жұмыс істейді.
ДИНАРА НҰРМҰХАНОВА, ЭДУАРД ПОГРЕБИЦКИЙ, БАУЫРЖАН СМАҒҰЛОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ