ДИКТОР: Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов референдум учаскесіне жұбайымен келіп, өз таңдауын жасады. Өңір басшысы бюллетень алу үшін көппен бірге кезекте тұрды. Саяси науқанның маңыздылығын айтып, халықты белсенді болуға шақырды.
ИНТЕРШУМ:
РКС: Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов нөмірі 18 референдум учаскесінде тіркелген. Өңір басшысы жұбайымен дауыс беру учаскесіне арнайы келіп, көппен бірге кезекке тұрды. Бюллетень алып, өз таңдауын жасады.
СНХ: МАРАТ АХМЕТЖАНОВ, АҚМОЛА ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ: Бұл өте маңызды төлқұжат. Ел ертеңінің дамуының кепілдігі. Сондықтан көп талқылау болды. Елдің әрі қарай қалай дамитыны туралы негізгі заңымыз. Мені қуантатыны халық көңілден қабылдап жатыр, жаңа өзіңіз көріп тұрсыз біраз кезекте тұрып, сонымен міне бюллетенімізді алып, дауыс бердік.
РКС: «Көкшетау» Мәдениет Сарайында орналасқан 18-ші учаскеде тіркелген дауыс беруші саны 2 мыңнан асады. Олардың арасында Бақыт пен Күлжәмила Әбіловтер де бар. 80-ге аяқ басқан қазыналы қарттар бұл күннің маңыздылығын жақсы түсінеді. Референдумға бару үшін ертемен тұрып, дауыс беру учаскесіне келді.
СНХ: БАҚЫТ ӘБІЛОВ, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ: Таңертеңнен тұрып алып, осы дауыс беруге дайындалдық. Отанымызда тиыштық болсын,амандық болсын. Халқымыз аман болсын, тыныштық болсын. Қызық қуаныш әкеле берсін.
РКС: Нөмірі 18 референдум учаскесіндегі байқаушылардың айтуынша мұнда заңға қайшы әрекет тіркелген жоқ. Комиссия мүшелері де бірқалыпты жұмыстарын жалғастыруда.
ИНТЕРШУМ:
МАҚПАЛ АЙБАБИНА, МЕДЕТ ҚАЙЫРКЕНОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ