ДИКТОР: Көкшетау қаласының әкімі Әнуар Күмпекеев референдум учаскесіне келіп, таңдауын жасады. Және қала тұрғындарынан жауапты істе жұмылып, белсенділік танытуды сұрады.

РКС: Дауыс беру учаскесіне келіп, таңдауын жасаған шаһар басшысы Әнуар Күмпекеев облыс орталығында референдумның лайықты деңгейде өтуіне бар жағдай жасалғанын атап өтті.

СНХ: ӘНУАР КҮМПЕКЕЕВ, КӨКШЕТАУ ҚАЛАСЫНЫҢ ӘКІМІ: Бүгін көкшетаулықтар дауыс беріп, болашақты, тұрақтылықты айқындайды деп ойлаймын. Бәріміз белсенді болайық, қаламызда сағ 7ден бастап барлық 79 референдум учаскесі жұмыс істеп тұр. 139 мыңға таяу дауыс берушілер бар. Сондықтан белсенді болайық.

РКС: Аталған учаскеде бірнеше қала тұрғынынан өз үйлерінде дауыс беруге өтініш түскен. Референдум учаскесінде екі байқаушы жауапты істің заңдылығын қарауда.

СНХ: РОЗА АРЫСТАНҚЫЗЫ, БАЙҚАУШЫ: Мен осы учаскеде байқаушымын. Таңертеңнен бері халықтың белсенділігі жақсы. Ешқандай заңбұзушылық тіркелген жоқ. Барлығы штатты режимде өтуде. Негізінен орта буын өкілдері көптеп келуде. Жастар да көп. Дауыс беруге бірінші рет келген жастарға естелік сыйлық берілуде.

СНХ: МАЙРА ҚУАНЫШҚЫЗЫ, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ: Бүгін еліміз үшін маңызды референдум жүріп жатыр. Қазір ғана өз учаскемде дауысымды беріп шықтым. Өздеріңіз білеміздер бұл өте маңызды құжат. Соған атсалысу, өз үнімді қосу, өз таңдауымды жасау әрбір азаматтың парызы деп санаймын.

РКС: Жалпы Ақмола облысы бойынша 760 референдум учаскесі бар. Ал дауыс беруге тіркелген тұрғындар саны 500 мыңнан асады.

МАҚПАЛ АЙБАБИНА, МЕДЕТ ҚАЙЫРКЕНОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ