ДИКТОР: Облыстағы өзен-клдерде соңғы айдың өзінде ғана 6 адам құтқарылды, оның бесеуі бала. Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері судағы қауіпсіздік ережелерінің маңыздылығына қатысты тұрғындар арасында әңгімелер жүргізіп, алдын алу шаралары жайлы ұдайы ескертіп келеді. Десе де жазатайым оқиғалар азаяр емес. Маусымның бірінен бастап аймақта шомылу науқаны ресми түрде басталады.

РКС: Департамент қызметкерлері Бурабай ауданындағы Қатаркөл көлінде құтқару жұмыстарын жүргізіп жатқан кездегі жағдайды айтпай кетуге болмас. Естеріңізге сала кетейік, 5 жасөспірім иесіз қайықпен көл бетінде серуендемек болған. Қатты желдің салдарынан жағадан ұзап кетеді. Өткен аптада құтқарушылар ішімдікке тойып алған тұрғынның өмірін ажалдан аман алып қалды. Ол өз бетінше жағаға малтып жете алмаған. Шомылу маусымының басталуына екі аптадай ғана уақыт қалды. Десе де 1 қайғылы оқиға тіркелді. Ересектердің жасөспірімді қараусыз қалдырғанның арты орны толмас өкінішке әкелді.

СНХ: БАҚЫТ АБЛАНОВ, ОБЛЫСТЫҚ ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАР ЖӨНІНДЕГІ ДЕПАРТАМЕНТІ БАСҚАРМА БАСТЫҒЫНЫҢ МІНДЕТІН АТҚАРУШЫ: Былтыр шомылу маусымы кезінде су айдындарында 13 қайғылы жағдай орын алды. Оның үшеуі жасөспірім. Ішімдік ішіп алып суға шомылу, ересектердің қарауынсыз балаларды қалдыру деректерінің кесірінен орны толмас өкінішке жол берілген. Бұдан бөлек, суға кетіп бара жатқандарды құтқару кезінде өз күшін бағамдамау деректері де орын алды.

РКС: Шомылу маусымы кезінде құтқарушылар мен қажетті техника төтенше жағдайға әрекет ету үшін ұдайы дайын тұрады. Су айдындарында күзет ұйымдастырылады. Арнайы орындарда балалар жүзуге үйрелітмек. Облыс аумағында 70-ке жуық суға түсетін ресми орын белгіленген. Бірақ, табиғат апаты өз түзетуін енгізуі мүмкін.

СНХ: БАҚЫТ АБЛАНОВ, ОБЛЫСТЫҚ ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАР ЖӨНІНДЕГІ ДЕПАРТАМЕНТІ БАСҚАРМА БАСТЫҒЫНЫҢ МІНДЕТІН АТҚАРУШЫ: Облыс аумағында биыл орын алған су тасқыны жағдайына байланысты суға шомылуға арналған орындарға әлі де түзетулер енгізіледі. Санын қысқартылуы мүмкін. Нұра өзенінің арнасы әлі жырымдалған күйде. Жағалаудың табиғаты да өзгерген. Бұл жерлерде жағажайға арналған жайлылық байқалмайды. Сондықтан бірқатар орында халықтың бос уақытын тиімді өткізуіне мүмкіншілік жоқ болып отыр.

РКС: Су айдындарынжағы қауіпсіздік режелерін бұзғандарға әкімшілік жауапкершілік қарастырылған. Өткен жылы суға шомылу маусымы кезінде бап бойынша 51 хаттама толтырылған. Судағы тәртіп ережесін айыппұл үшін ғана сақтау қажет деген жаңсақ пікір. Ең алдымен әркім өз өмірі мен денсаулығы үшін сақтануы қажет. Өйткені қауіпсіздік басты қағида.

БЕЙБАРЫС ШАЛАБАЕВ, ЭЛЬМИРА ОСПАНОВА, ВАСИЛИЙ ВЕРЕЖНИКОВ, АРДАҚ ТІЛЕУҒАБЫЛОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ