ДИКТОР: Көкшетауда Отбасы күніне орай ерекше балаларға және олардың аналарына және көп балалы аналарына керемет кеш ұйымдастырылды. Аталған шара шығармашылық әлеуметтік жоба аясында өтті. Әріптесім Тоғжан Байменова баяндайды.

РКС: Қазақстан халқы Ақмола Ассамблеясы мен Көкшетау қалалық аналар кеңесінің ұйымдастыруымен «FASHION HOUSE INTERNATHIONAL KAZAKHASTAN» форумы өтті. Бұл жолы сән көрсетілімі өзгеше жаңа форматта ұймдастырылды. Оған жасы 5 пен 12 жас аралығындағы балғындар сән әлемінің сұлулығын өздерінше жеткізуге тырысты.

СНХ: НАЙЛЯ САЙДАЛИНА, СҰЛУЛЫҚ БАЙҚАУЫНЫҢ ҰЙЫМДАСТЫРУШЫСЫ: Қатысушыларымыздың көңіл-күйі көтеріңкі. Осы көрсетілім арқылы олар бойларына жаңа күш-қуат алады деп сенемін. Бұл жобаның болашағы зор деп айтар едім. Осы арқылы біз ерекше бала тәрбиелеп отырған ата-аналар мен көпбалалы аналарды қолдауды мақсат еттік.

ИНТЕРШУМ:

СНХ: РАУШАН ТҰРАНОВА, «QOLQANAT» ӘЛЕУМЕТТІК ЖОБАСЫНЫҢ ЖЕТЕКШІСІ: Әрине, біздің балалаар тек қана дефиледа емес, сонымен қатар, біздің «Фарид» жобасы қолқанаты атынан, инклюзивті ата-аналар қоғамдық ұйымының атынан бүгін конкурсқа қатысып жатыр. Жалпы біздің жобамыз – отбасылық құндлықтарды дәріптеу, инклюзивті қоғамның дамуына жәрдемдесу және де санаттағы балалар мен әйелдерге қолдау жасау.

РКС: Сән көрсетілімі барысында әр қатысушы ЛЭД-экраннан өзі жайлы бейнежазба ұсынды. Екінші көрсетілім 5 пен 12 жас аралығындағы кішкентай аруларға арналды. Үлкен сахнада өздерін модель сезініп, көрермендердің ерекше ықыласы мен қошеметіне бөленді.

СНХ: АҚБОТА ӘЛІМҚЫЗЫ, ДЕФИЛЕГЕ ҚАТЫСУШЫ: Менің атым – Ақбота. Жасым 11-де. Үлкен сахнаға шыққан сайын өзімді сән әлемінің ханшайымы сезінемін. Бүгін тағы да көрерменді тәнті етуге келдім. Менің анам мен әжем маған әрдайым қолдау көрсетеді.

СНХ: ЕКАТЕРИНА ДИЗЕНДОРФ, ДЕФИЛЕГЕ ҚАТЫСУШЫ: Менің атым – Екатерина. Менде ерекше балам бар. Мен бүгін модель боламын үшінші рет. Біздің ұлттық киімдер – өте әдемі және қызық. Маған өте ұнайды! Мені бүгін өздері шақырды.

РКС: Ерекше дайындықпен келген нәзік жанды арулар өздерін мүлдем басқа қырынан көрестіп, көпшілікке керемет көңіл-күй сыйлады. Шара соңында барлық қатысушыға сұлулық байқауының арнайы лентасы тағылып, естелік сыйлықтар табыс етілді.

ТОҒЖАН БАЙМЕНОВА, ВАСИЛИЙ ВЕРЕЖНИКОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ