ДИКТОР: Отбасы – өмірдің алтын қазығы, қасиетті шаңырақтың негізі. Бүгін халықаралық Отбасы күні. Осыған орай Көкшетауда қатарынан бірнеше іс-шара ұйымдастырылды. Әріптесім Тоғжан Байменова баяндайды.
РКС: Мерекелік іс-шара «Отбасы ағашы» акциясынан бастау алды. Байқауға облыстың әр өңірінен келген 7 отбасы мен арнайы шақырылған қонақтар 100-ден астам ағаш көшетін отырғызды. Бүгін еккен тал-шыбық, ер¬тең жапырағы жайқалған ағаш, одан әрі көрікті орман болады,-дейді акцияға қатысушылар. Ізгі шараға атсалысқан жас отбасылар экологиялық мәдениетті қалыптастыра отырып, ұрпағын Отансүйгіштікке тәрбиелеуді көздейтіндерін айтуда. Сонымен бірге табиғатты аялауға, қоршаған ортаға деген жанашырлық қасиеттерді балаларымыздың бойына сіңірсек деген ниетте.
ИНТЕРШУМ:
РКС: Жалпы бүгінгі шара еліміздегі үлгілі отбасыларды дәріптеу мақсатында жыл сайын өткізілетін республикалық «Мерейлі отбасы» байқауымен тұспа-тұс ұйымдастырылып отыр. Сайысқа Қосшы, Степногорск қалалары мен Бұланды, Шортанды, Ерейментау аудандарынан белсенді отбасылар келіп бақ сынасты. Сонымен қатар науқанға өткен жылы жеңімпаз атанған жанұялар қолдау білдіре келіпті.
СНХ: МАНАТ ШАРҒЫНБАЙ, КӨҢБАЙ ӘУЛЕТІНІҢ КЕЛІНІ: Отбасы күніне шақырып жатқан ұйымдастырушыларға алғысымыз шексіз. Әр отбасы қызық қуанышқа жиыла берсін. Бізде өз ағшымызды отырғызып кеттік. Осылай балаларымыз үлкен ағаш болып өсіп өне берсін. Ортасында мен осылай аман-есен жүре берейін. Барлығына көп көп рахмет.
РКС: Науқан аяқталысымен барлық қатысушылар өздері еккен ағаштың жанында естелік суретке түсті. Шараның тағы бір ерекшелігі – қатысушы жанұяларға арнайы психологиялық тренинг ұйымдастырылды. Тренинг барысында отбасы мүшелерінің бір-біріне деген қарым-қатынасын нығайту, бір-біріне деген сенімін арттыруға бағытталған түрлі ойындар ойнатылып, дәріс оқылды. Шара спорттық эстафетамен жалғасты. Байқауға қатысқан әр отбасы өздерінің дайындықтарын көрсетіп, спорттық сайыстан алған әсерлерімен бөлісті.
СНХ: ӘСЕМ ӘДІЛБЕКОВА, ҚОСШЫ ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ: Біз бүгін бірінші рет Көкшетау қаласында болып жатқан отбасылық эстафетаға қатыстық. Бұл байқау бірінші рет болып жатыр екен. Қатысқанымызға өте қатты қуаныштымыз. Өте керемет өтті. Ең алдымен балаларымызға да мотивация. Экологиялық акцияғада белсенді қатысып, өзіміздің бір тал ағашымызды егіп кеттік.
СНХ: ЖАНАР АХМЕТОВА, БАЙҚАУ ҚАТЫСУШЫ (СТЕПНОГОРСК): Біз Ахметоватар жанұясы Степногорск қаласынан келіп отырмыз. Бүгінгі мерекеге орай осындай байқауға алғаш рет қатыстық. Спорттық жарыстарға біз қатыстық. Кезеңдер өте қызықты болды. Өте әсерлі болды. Барша отбасыларға бақыт, табыс, денсаулық тілейміз.
РКС: Мерекелік шараға жиналған барша қатысушы әр жанұяның шағын мемлекет екенін тағы бір дәлелдеді. Шара соңында жас отбасылар фотозоналарда түсірілім жасап, көтеріңкі көңіл-күйде мерекені қорытындылады.
ТОҒЖАН БАЙМЕНОВА, ЖҮРСІН ӨМІРЗАҚ, КӨКШЕ АҚПАРАТ