ДИКТОР: Мамырдың 13-нен 14-іне қараған түнде Бурабай ауданына қарасты Кенесары ауылындағы серіктестіктің бірінің аумағында зығыр сабаны өртенді. 800 шаршы метр аумақта 700 бума жемазық отқа оранды. Ақмолалық өрт сөндірушілер 9 сағат бойы қызыл жалынмен күресті. Зардап шеккендер жоқ. Қазір өрттің себептері анықталуда.

СНХ: ЕРСАЙЫН ҚОЙШЫБАЕВ, ОБЛЫСТЫҚ ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАР ЖӨНІНДЕГІ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ РЕСМИ ӨКІЛІ: Департаменттің жеке құрамынан 70-тен астам адам, 22 техника жұмылдырылды. Сонымен бірге шаруашылықтың мемлекеттік емес өртке қарсы қызметінің жеке құрамы да көмекке келді. Таңғы 7-де қызыл жалын ауыздықталды.

СӘНИЯ ЕСІМСЕЙІТОВА, ЗАРИНА САПАРҒАЛИЕВА, ЖАМБЫЛ БАЛТАЕВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ