ДИКТОР: Еліміздің тіл мамандары, ғалымдар қоғамда соңғы кезде қазақ әліпбиіндегі 42 әріптің бірі Ң-ды айтпақ түгілі, кейде ажырата алмайтын жастардың кездесетінін алға тартуда. Бұл үлкен өкініш, -дейді тіл жанашырлары. Балаларды ерте жастан қазақтың әріптерін түгел айтуға дағдыландыру керек. Өйткені бұл олқылық адамның құлағына түрпідей тиеді. Әрі тілдің дамуына кері әсері бар. Қай әріптің болмасын дұрыс дыбысталуына қол жеткізуге болады, - дейді мамандар.

РКС: Жұлдыз Дәулетбек Жанайдар Мусин атындағы Көкшетау жоғары қазақ педагогикалық колледжінің белсендісі. Филология факультетінде білім алып жүрген жас колледждің қоғамдық өміріне белсене араласады. Сахнада өлең оқиды, түрлі қойылымдарға қатысады.

СНХ: ЖҰЛДЫЗ ДӘУЛЕТБЕК, Ж.МУСИН АТЫНДАҒЫ КӨКШЕТАУ ЖОҒАРЫ ҚАЗАҚ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІНІҢ СТУДЕНТІ: Мысалы мен н мен ң әріпін жазғанда нақты жаза аламын. Бірақ айтылу жағынан сөйлеу кезінде ң дыбысымен менде кедергі болған болатын. бірақ қазіргі уақытта онымен жұмыс жасап келе жатырмын. себебі мен болашақ тіл маманымын. Әріпті дұрыс айту, дыбысты дұрыс сөйлеу анық жеткізу ол мен үшін өте маңызды.

РКС: Тіл мамандары бұл орайда әлеуметтік желінің кері әсері бар,-дейді. Танымал тұлғалардың өзі кейде төл дыбыстарды дұрыс айтпайды, оны қаншама адам тыңдайды.

СНХ: ТІЛЕК ҚАЙЫРЖАН, Ж.МУСИН АТЫНДАҒЫ КӨКШЕТАУ ЖОҒАРЫ ҚАЗАҚ ПЕДАГОГИКА КОЛЛЕДЖІНІҢ КАФЕДРА МЕҢГЕРУШІСІ: Қазіргі таңда ң дыбысын дыбыстай алмау қазақ халқы үшін үлкен дерт болып отыр. өйткені ң ол біздің төл дыбысымыз. қазіргі таңда ашығын айтқанда филология бөлімінде болсын бастауыш мектеп бөлімінде болсын ң дыбысын ажырата алмайтын бір екілі студенттеріміз бар. қаншама медианың адамдары, театр әртістері болсын, қаншама әншілерді білеміз актерларды білеміз ң дыбысы жоқ өкінішке орай. блогерлер болсын. бірақ оларды қаншама адам тыңдайды. қаншама адам оқиды дағдыланады. және соны дұрыс деп қабылдайды. бұл қазақ халқы үшін үлкен дерт деп ойлаймын.

РКС: Филология ғылымдарының докторы, профессор Қасиет Молғаждаров бұл орайда ұстаздарға артылар жауапкершілік үлкен дейді.

СНХ: ҚАСИЕТ МОЛҒАЖДАРОВ, Ш.УӘЛИХАНОВ АТЫНДАҒЫ КӨКШЕТАУ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ КАФЕДРА МЕҢГЕРУШІСІ: 19 отбасынан басқа ең үлкен жұмыс, әдісі бар, тәсілі бар тілі бар соған арнайы жұмыс істейтін ұстаздар қауымы. Ұстаздар қауымы өте сауатты өте жақсы әдістері мықты мұғалімдер болу керек. Бұл тілші мамандардың мойнында, өз жүгінде өйткені әр маман өз жүгін білу керек. ата-аналарымыз ұлттық намысына қарай ана тіліне құрметіне байланысты қарайтын болсақ, яғни ата-аналарымыз қоғам сөйлейтін болса ңға мән береді деп ойлаймын.

РКС: Жанайдар Мусин атындағы Көкшетау жоғары қазақ педагогикалық колледжінде болашақ логопед мамандарды дайындайды. Студенттердің айтуынша тәжірибеде жүрген аз ғана уақытта, яғни 6 айдың ішінде балалармен жан-жақты жұмыс істеп, нақты айта алмайтын әріптердің дұрыс дыбысталуына қол жеткізген.

МАҚПАЛ АЙБАБИНА, ПАВЕЛ СОЛОВЬЕВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ