ДИКТОР: Жеңістің 80 жылдығына орай Көкшетауда соғыс және ішкі істер органдарының ардагері Неғметжан Қасеновты еске алу шарасы өтті. Красный Яр ауылынан шыққан алғашқы тәртіп сақшысы. Сталинград шайқасына қатысқан ардагердің құрметіне мемориалды тақта ашылды. Неғметжан Қасенов 1939 жылы Кеңес әскерінің қатарына шақырылды. 1942 жылы Сталинград шайқасына қатысты. Бұл майдан екінші дүниежүзілік соғысының негізгі шайқасы еді. Жеңісті Германияда қарсы алған. Одан соң еліне оралып, ішкі істер органдарында қызмет етті. Ғұмырының 30 жылын ардагер осы салаға арнады. Красный Яр ауылынан шыққан алғашқы тәртіп сақшысы.
СНХ: ТЕҢБАЙ ЫБЫРАЕВ, АРДАГЕРДІҢ ТУЫСЫ: Мынау Ұлы Жеңістің қарсаңында біздің әулетімізде бір үлкен жаңалық, өте қуанышты жаңалық болып жатыр.Біздің Нығметжан ағамыз.Соғысының ардагері, мынау ішкі істер органдарының ардагері, міне, бүгін сол кісіге бұрынғы тұрған үйінде.Құрмет тақтасы қойылып жатыр. Бұл үшін Ақмола облысының ішкі істер басшыларына қызмет басшыларынана алғыс айтамыз.