ДИКТОР: Сандықтау аудандық мамандандырылған балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің кір тасын көтерушілері соңғы жылдары облыстық және республикалық жарыстарда топ жарып келеді. Ауыл спортшылары әлемдік бәсекелерде де биік белестен көріне бастады.

ИНТЕРШУМ: Жарыстан көрініс

STAND-UP: ҚАЛЫМБЕК МҰХАМЕДЖАНОВ, ТІЛШІ: «Еліктің лағындай ғана 14 жасар Анастасия Успеньева әлем біріншілігінде төрт бірдей қола медаль жеңіп алды».

СНХ: АНАСТАСИЯ УСПЕНЬЕВА, ӘЛЕМ ЧЕМПИОНАТЫНЫҢ ҚОЛА ЖҮЛДЕГЕРІ: Оқу-жаттығу жиыны Балқашин ауылында өтті. Дайындық өте жақсы болды. Медальдан үмітті едім. Сол мақсатыма жеттім. 53 келі салмақта 16 келілік кір тасын төрт жаттығу бойынша көтеріп, тиісті ұпай жинадым. Сөйтіп, төрт қола медаль жеңіп алдым.

РКС: Анастансия Успеньева аудан орталығының іргесіндегі Петровка ауылынан келіп жаттығады. Оның бапкері – Владимир Прохоров Өзбекстанның Ханабад қаласында өткен Әлем чемпионатында өзі де сынға түсті.

СНХ: ВЛАДИМИР ПРОХОРОВ, ӘЛЕМ ЧЕМПИОНАТЫНЫҢ АЛТЫН ЖӘНЕ КҮМІС МЕДАЛЬ ИЕГЕРІ: Мен әлем чемпионатында ересектер арасында 95 келі салмақта сынға түстім. Қарсыластар мықты болды. Шәкірттеріммен бірге осынау байрақты бәсекеге дайындалып, алтын және күміс медаль жеңіп алғанымды бапкерлік үлгі-өнегем деп санаймын.

РКС: «Алыптар ауылдан шығады», - деген осы емес пе?! Сандықтау балалар спорт мектебнің бапкері мен шәкірті кір тасын көтеруден өткен әлем чемпионатында күштілер қатарынан көрінді.

ҚАЛЫМБЕК МҰХАМЕДЖАНОВ, САБЫРБЕК ШЕРИЯЗДАНОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ