ДИКТОР: «Оқжетпес» футбол командасы Қазақстан премьер-лигасының осы маусымдағы басты олжасы. Бүгінде футбол клубы өзінің лайықты ойын үлгісімен жанкүйерлерін тәнті етуде. Әр матч сайын футболшылар жарқын ойын, жеңіске деген шынайы ерік-жігерін көрсете білуде. Олардың жеңіске қалай жетіп жүргенін және команданың көңіл-күйін білу мақсатында тілшіміз жаттығу процесін көзбен көріп қайтты.
РКС: Қазір «Оқжетпес» командасы 14 ұпаймен турнир кестесінде 5-ші орында. Рейтинг «Елімай» және «Жетісу» командаларын 0:2 мен 1:3 есебімен сәйкесінше жеңгеннен кейін анықталды. Премьер-лига маусымы басталғаннан бері «Оқжетпес» клубы 8 матч өткізіп, оның төртеуінде жеңіске жетті.
СНХ: АНДРЕЙ ФЕРАПОНТОВ, «ОҚЖЕТПЕС» ФУТБОЛ КЛУБЫНЫҢ БАС ЖАТТЫҚТЫРУШЫСЫ: Бұл клуб жаттықтырушылар мен медициналық штабтың, сондай-ақ басшылықтың бірлескен жұмысы. Әрине, ең алдымен футболшылардың еңбегі. Бұл олардың күш-жігері мен адалдығы. Оларға мың алғыс.
РКС: «Оқжетпес» жақсы нәтижелерге қол жеткізуде. Құрамның негізгі бөлігі қазақстандық футболшылардан тұрады. Команданың жетістігіне зор үлес қосып жүргендердің бірі - клубтың 26 жастағы шабуылшысы Дәурен Жұмат. Қазір ол 5 голмен маусымның үздік бомбардирлері тізімінде 5 - ші орында тұр.
СНХ: ДӘУРЕН ЖҰМАТ, «ОҚЖЕТПЕС» ФУТБОЛ КЛУБЫНЫҢ ОЙЫНШЫСЫ: Ол енді бүкіл команданың еңбегі деп айта аламын. Жалпы қазір «Оқжетпес» ойындарымыз жақсы, шүкір. Соның нәтижесіінде, осылай гол салуға мүмкіндік жасап беріп жатыр менін әріптестерім. 3 маусымым, 3-ші жыл «Оқжетпес» клубында. Бұған дейін, өзім Тараздын түлегімін. «Таразда», «Мактаарал» клубтарында ойнағанмын.
РКС: Қазір ойыншылар өз алаңында өтетін матчқа қызу дайындық үстінде. Айта кетейік, мамырдың 17-де сағат 16:00-де «Ақтөбе» футбол командасына қарсы ойнайды. «Оқжетпес» өз жанкүйерлерін күтеді.
ЕВГЕНИЙ ВАРАНКИН, ҚАЙЫРБЕК ТӨЛЕГЕН, ЖҮРСІН ӨМІРЗАҚ, АРДАҚ ТІЛЕУҒАБЫЛОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ