ДИКТОР: Үкілі Ыбырай атындағы Ақмола облыстық филармониясыда «Айнакөл» фольклорлық ансамблінің «Сырлы мекеннің сырбаз әуені» атты концерті өтті. Ұлттық өнерді дәріптеп жүрген өнер ұжымы қалың көрерменіне түрленген концерттік бағдарламасын ұсынды.

ИНТЕРШУМ:

РКС: «Айнакөл» фольклорлық ансамблі қазақ композиторларының күйлері мен жаңаша өңделген халық әндерін орындау арқылы көрермен назарын ә дегеннен өзіне аударған ұжым. Өнер ұжымы күй күмбезі болған Құрманғазы,Тәттімбет,Дина туындыларымен қатар, қазақ вальсінің королі Шәмші Қалдаяқовтың әндерін де, жас композиторлардың да шығармаларын шебер орындайды. Ансамбль 2005 жылы құрылған.

СНХ: МАДИЯР АБАЙ, «АЙНАКӨЛ» АНСАМБЛІНІҢ КӨРКЕМДІК ЖЕТЕКШІСІ: Жас композитор – Темірлан Шүкеновтің "Рухты ел" шығармасы, таза фольклорлық шығарма. "Самғау". Ол шамамен үш жыл бұрын жазылған. Ансамбль құрамы – менің ойымша, стандартты. Домбыралар, примақобыз, қылқобыз, жетіген, шертер, перкуссия.Биыл біз аздап құрамды жаңарттық, тағы 1 қобыз, прима қобыз қостық, сондай-ақ барабан жинағын қостық. Негізінен өзгеріс көп емес. Бұл аздап репертуарды кеңейту үшін жасалды.

РКС: Ансамбль болып құрылғалы қоржынына ұлт музыкасының інжу-маржанын жиып, сыр сазын түрлі сахнада әуелеткен шығармашылық ұжым ел мерейін асқақтатып жүр. Концертке келген көрермен де жерлестерін қолдауға келгенін айтты.

СНХ: МАНАС ҚАЛЕЛ, КӨРЕРМЕН: Өте қуаныштымын концертке келгеніме.Досым шақырған. Өзі негізі «Айнакөл» ансамблінде өзі домбырашы.

СНХ: ГҮЛМИРА ЖОЛДАСОВА, КӨРЕРМЕН: Өйткені,бұл дәстүрлі қазақ халқының салтына сай орындалатын ән-би ансамбльдерінің концерті болады.Өзіміздің жергілікті әншілер мен бишілердің концерті болғандықтан біз оны қуана қолдаймыз.

РКС: Бүгінгі таңда ансамбльдің репетуарында 100-ден астам шығарма бар. Ұжымның алар асулары әлі де биік. Руханият пен мәдениетке деген өнер ұжымының еңбегі де ұшан-теңіз.

ИНТЕРШУМ:

НҰРСӘУЛЕ МҰРАТ, ЖҮРСІН ӨМІРЗАҚ, МЕДЕТ ҚАЙЫРКЕНОВ, САБЫРБЕК ШЕРИЯЗДАНОВ КӨКШЕ АҚПАРАТ