ДИКТОР: Елімізде мектеп оқушыларына сабақ кезінде смартфондар ұстауға тыйым салу жөніндегі заң күшіне енді. Бұдан былай орта білім беру ұйымдарының тәрбиеленушілері мен оқушылары сабақ барысында телефон ұстай алмайтын болады. Тек телефонның көмегімен жасалуы тиіс тапсырмаларды орындау кезінде ғана аз уақытқа ұялы телефонды қолдануға рұқсат берілмек.

РКС: Жаңашылдықтар тек сабақ барысына ғана қатысты. Яғни, оқушы мектепке телефонын әкеле алады, бірақ оны тек қоңырау кезінде пайдалануға болады. Мүлдем смартфон тасуға болмайды деген заң жоқ, бастысы оқушылар сабақ кезінде еш нәрсеге алаңдамаса болғаны.

СНХ: АЙНАШ ҒАЛЫМОВА, ОБЛЫСТЫҚ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БӨЛІМ БАСШЫСЫ: Осы жылдың 23-ақпанында ел Президенті білім, тәлімгерлік және қауіпсіздік жөніндегі сұрақтарға өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заңнамаға қол қойған болатын. Дәл осы заңнамада оқу кезінде ұялы телефон ұстауға шектеу қою туралы айтылған. Қоңырау кезінде, сабақ аяқталғаннан кейін оқушылар ұялы телефондарын пайдаланып, ата-аналарымен сөйлесе алады.

РКС: Сабаққа кірмес бұрын оқушылар телефондарын тапсырып кетеді. Смартфондар педагогтың үстелінде жатады. Аса қажет болса немесе төтенше жағдайда оқушы телефонын пайдалана алады.

СНХ: ГҮЛЗИРА ОРАЗОВА, М. ҒАБДУЛЛИН АТЫНДАҒЫ №3 КӨПСАЛАЛЫ ГИМНАЗИЯСЫНЫҢ МҰҒАЛІМІ: Қазіргі кезде балалардың оқу-үрдісінде сол смартфонның пайдасы көп кедергі жасап тұр. Өйткені, ол кезде оқушылар мұғалімдердің беріп отырған сабақтарын оқу үрдісіне кедергі жасайды. Өйткені балалар көбіне сол телефондарына қарап сабаққа деген құлшыныстары төмен болады. Соның негізінде қазір смотрфонды көріп отырғандай Сабаққа кіргенде балалар телефондарын жинап береді.

РКС: Мамандар аталмыш жаңашылдықтың оқу процессіне оң әсерін тигізіп жатқанын айтады. Телефонсыз оқушылар сабаққа жақсырақ ден қойып, тапсырмалардың орындалуына көбірек көңіл бөледі, - дейді олар.

ФАРИЗА АСЫЛБЕКОВА, ЭДУАРД ПОГРЕБИЦКИЙ, ДАРХАН МҮЖІБАЕВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ