ДИКТОР: Есілауданындағытөтеншежағдайғабайланысты 15 сәуірде су тасқынына қарсы қоғамдық штаб құрылды. Оныңқұрамынамәслихатдепутаттары, белсендіжастар, кәсіпкерлермен сарапшыларкірді. Штабтың негізгі мақсаты - жоғалған немесе бүлінген мүлікке біржолғы төлем мен өтемақы алу үшін қажетті құжаттарды беру ережелерін түсіндіру. Бүгінгі таңда комиссия 215 өтінішті қарады. Оның ішінде 85 ауыл тұрғыны, 130-ы қалада тұратындар. 129 өтініш мақұлданды, 79-ы төленді.

СНХ: АНАР ӘДІЛБАЕВА, ЕСІЛ АУДАНДЫҚ ҚОҒАМДЫҚ ШТАБЫНЫҢ ТӨРАЙЫМЫ: Баршаңызға белгілі, қазір елімізде күрделі жағдай қалыптасып отыр. Қардың күрт еруіне байланысты аймақтарда су тасқыны болып жатыр. Осы орайда біздің Есіл ауданында төтенше жағдай режимінің жарияланды. Көктемгі су тасқыны кезінде Есіл ауданына Қазақстан халықтары Ассамблеясы, Көкшетау қаласының Достық үйі, "Қазақстанның Қызыл жарты айы" ұйымы , Сурған ауылының еріктілері, Көкшетау қаласының «Науан Хазірет», Степногорск қаласының "Мұстақым хазірет"мешіттері және Рудный қаласының игі істер клубы көмек көрсетті. Сонымен қатар, Есіл қаласының "Жақсы адамдар" еріктілер тобы мұқтаж отбасыларға 240-тан астам азық-түлік жиынтығын таратты.