ДИКТОР: Облыста бөлшек салық мөлшері 4-тен 2 процентке төмендеді. Естеріңізге сала кетейік, өткен жылы өңірлік кәсіпкерлер палатасы осындай ұсынысты жергілікті атқарушы органдарға жолдаған болатын. Бұл мәселе бизнес-қоғамдастықтың қатысуымен бірнеше рет талқыланды. Кәсіпкерлер былтыр оңтайлы тәжірибесін еске ала отырып, мөлшерлемені төмендету мәселесін көтерді. Аудандық және қалалық деңгейдегі мәслихаттармен, жергілікті атқарушы органдармен, облыстық мемлекеттік кірістер және Әділет департаменттерімен ынтымақтастықтың арқасында биыл наурыз айының соңында бөлшек салық төмендетілді.

РКС: Бөлшек салықтың төмендетілген мөлшері облыста 1 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді. Арнайы салық режимі барлық салық төлеушілерге қолданылмайды. Салық төлеушілер белгілі бір шарттарға сай болуы тиіс. Штаттық қызметкерлер саны 200 адамнан, ал күнтізбелік жылдағы табыс 600 мың айлық есептік көрсеткіштен аспауы керек. Сондай-ақ, заңнамада қызметтің сәйкес келетін түрлері айқындалған.

СНХ: ЕРҚАНАТ МҰСЫЛМАНБЕК, АҚМОЛА ОБЛЫСЫ КӘСІПКЕРЛІК ПАЛАТАСЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ: Бүгінгі таңда бөлшек салық мөлшері 300-ден аса қызмет түрін қамтиды. Бұрын 200-ге жуық болған. Оларға тауарларды тікелей өңдеу және өндіру қосылды. Сондай-ақ, электр монтаждау, тамақтану саласы, жөндеу қызметтері кірді. Бүгінгі таңда Ақмола облысында бұл қолдау шарасын 25 мыңнан астам кәсіпкерлік нысаны пайдалана алады.

РКС: Сауда және қызметтер салалық кеңесінің төрағасы Садбек Ахмадиевтің айтуынша, бөлшек салықты төмендету - кәсіпкерлікті қолдау мен дамытуға бағытталған негізгі шара. Арнайы салық режимінің негізгі артықшылығы - бизнес субъектілерін одан әрі дамыту. Сондай-ақ, көлеңкелі экономикамен күресіп, жалақыны заңды рәсімдеуге ынталандырады.

СНХ: САДБЕК АХМАДИЕВ, АҚМОЛА ОБЛЫСЫ КӘСІПКЕРЛІК ПАЛАТАСЫ САУДА ЖӘНЕ ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ КЕҢЕСІНҢ ТӨРАҒАСЫ: Бұл бастаманың бірнеше артықшылығы бар. Біріншіден, салық мөлшерлемесінің төмендеуі кәсіпкерлерге қаржылық жүктеменің төмендеуіне әкеледі. Енді кәсіпкерлер өз бизнесін дамыту және кеңейту үшін көбірек мүмкіндіктер мен қаражатқа ие болады. Бұл қызмет көрсету сапасын жақсартуды, тауар түрлерін ұлғайтуды, сауда алаңдарын жаңартуды, сондай-ақ бәсекеге қабілеттілік деңгейін арттыруды қамтуы мүмкін. Екіншіден, бөлшек салық мөлшерін төмендету біздің барлық азаматтар үшін бағаның қолжетімділігін жақсартуға әкеледі. Сонымен, азық-түлік, дәрі-дәрмек, қажетті заттар және басқа да тауарлар сияқты әлеуметтік маңызды азық-түлік тауарларын сатумен айналысатын кәсіпкерлер өз өнімдеріне деген үстеме бағаны төмендете алады.

РКС: Бөлшек салыққа ауысу үшін кәсіпкер салық төлеушінің кабинетінде электронды түрде өтініш беруі керек. Қолдану мерзімі басталғанға дейін қосылған құн салығын төлеуден бас тарту мүмкіндігі бар. Сұрақтар туындаған жағдайда бизнес субъектілері Көкшетау қаласындағы Ақмола облысының кәсіпкерлер палатасының қызмет көрсету орталығына жүгіне алады. 8-716-2-72-25-41 телефоны бойынша кеңес алу мүмкіндігі бар.

МАҚПАЛ ЕРҒАЛИЕВА, ЭЛЬМИРА ОСПАНОВА, ӘЛІШЕР ШАКУБАЕВ, АРДАҚ ТІЛЕУҒАБҰЛОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ.