ДИКТОР: "Арлан" хоккей клубы тағы да жарады! Елордалық «Номад» құрамасымен тартысты бәсекеде «Арлан» командасы жеңіске жетіп, Қазақстан чемпионы атағына ие болды. Бұл екінші чемпиондықты көкшетаулықтар 6 жыл бойы күткен.

РКС: «Номадқа» қарсы қарқынды додада «Арлан» өздерінің төзімділігін дәлелдей алды. Бұл жеңіс команда үшін Қазақстан чемпионы атанғанымен ерекше маңызды. Айта кетейік, қос құрама алғаш рет 2018 жылы шешуші матчта кездескен еді.

СНХ: АЛИНА ДҮКЕМБАЕВА, "АРЛАН" ХОККЕЙ КОМАНДАСЫНЫҢ ЖАНКҮЙЕРІ: 2 жыл бойы "Арлан" хоккей клубының жанкүйерімін. Барлық матчтарына келіп, қолдау көрсетіп отырамын. Жуырда Астана қаласында өткен жарыста біздің «Арлан» 2 орынға ие болды. Хоккей спорты өзінің ерекше атмосферасы мен жылдамдығымен ұнайды.

РКС: Бұл ұзақ әрі жауапты маусым болды. Қос команда үшін де нағыз сынақ еді, - дейді жанкүйерлер. Олардың арасында бірде-бір ойынды жіберіп алмауға тырысып жүрген жастар мен аға буын өкілдері өте көп.

СНХ: РОЗА НАУМОВА, "АРЛАН" ХОККЕЙ КОМАНДАСЫНЫҢ ЖАНКҮЙЕРІ: Мен хоккей ойындарына команда құрылған 2009 жылдан бері барамын. Атмосфера тамаша, ойын жақсы, маған ұнады. Команданың келесі маусымда сол басшылықпен, сол құраммен қалуын қалаймын, сәттілік пен жақсы демалыс тілеймін.

СНХ: АНАТОЛИЙ ГОРШКОВ, «НОМАД» ХОККЕЙ КОМАНДАСЫНЫҢ ЖАНКҮЙЕРІ: Ойын, өздеріңіз көріп отырғандай, біздің команда үшін өте қиын. Ашығын айтқанда, «Арландар» аздап шектен шығып жатыр. Бірақ біздің жігіттер берілмейді. «Номадтың» жанкүйері болғаныма үшінші жыл. Мен осы жылы барлық плей-офф ойындарында болдым, оның ішінде сырттағы ойындарды да тамашаладым.

РКС: Ойындағы есеп алғашқы кезеңнің 11-інші минутында ашылды. "Арлан" сапынан Андрей Павленко мергендігімен танылды. Екінші кезеңнің басында алаң иелері есепті 2:0-ге жеткізді. Үшінші кезеңнің басында "Номадтан" Станислав Александров матчтың 44-ші минутында қарсылас қақпасына шайба салып, есеп 2:1 болды. Бір минуттан соң Артем Лихотников екі шайба артықшылығын қайтадан қалыпқа келтірді. Матчтың соңына дейін "Номад" қақпашысының орнына алтыншы ойыншы шығарылды. Алайда қорытынды есеп өзгерген жоқ. Есеп 3:1. Алаң иелерінің пайдасына. Осылайша, көкшетаулық "Арлан" финалдық серияда 4-1 есебімен жеңіске жетіп, ел чемпионы атанды.

САМАЛ ЫСҚАҚОВА, ЗАРИНА БЕКҚАЛИЕВА, ЖҮРСІН ӨМІРЗАҚ, КӨКШЕ АҚПАРАТ