ДИКТОР: Облыс прокурорлары ірі заң бұзушылықты анықтап, оған тосқауыл қойды. Атап айтсақ, Ақкөл қаласындағы Сағадат Нұрмағамбетов атындағы саябақты жөндеуге бөлінген 128 миллион теңге мемлекеттік сатып алу кезінде заңсыз берілмек болған. Дәлірек айтқанда жергілікті әкімдік тендерді тек бір адамның ұтуына жағдай жасаған. Ақмола облысының прокуратурасы заңсыз мемлекеттік сатып алуға тосқауыл қойды. Кәсіпкерлер енді ашық конкурсқа түсетін болды.

СНХ: МЕРУЕРТ БАЙБОЛОВА, ОБЛЫСТЫҚ ПРОКУРАТУРАНЫҢ БАСҚАРМА ПРОКУРОРЫ: Ақкөл қаласының әкімдігі заң талаптарын бұза отырып, Нұрмағамбетов атындағы саябақты абаттандыру жұмыстарын жалпы сомасы 128 миллион теңгеден астам веб-порталында сатып алуға қатысты мемлекеттік сатып алу жоспарын бекіткені анықталды. Бұл сатып алу заңсыз, бір көзден, яғни, бәсекелестік ортадан тыс, тікелей шарт жасасу арқылы жоспарланған. Қадағалау актісімен жоғарыда көрсетілген сатып алудың күші жойылып, кінәлі лауазымды тұлға жауапкершілікке тартылды.