ДИКТОР: Республикалық «Таза Қазақстан» экологиялық акциясының «Жасыл аймақ» апталығында Қоғамдық кеңес мүшелері шаһарды көгалдандыруға атсалысты. Ел экологиясы қоғам үшін маңызды роль атқарады. Қоршаған ортаға қамқорлық, таза ауа салауатты экологиялық жағдайдың негізгі копмоненті. Естеріңізге сала кетейік, мемлекет басшысы биылғы жылды экология жылы деп жариялаған еді. Осылайша, Көкшетаудың экологиясына облыстың қоғамдық кеңесінің мүшелері де үлес қосты.

СНХ: СӘРСЕНБАЙ САНСЫЗБАЕВ, ОБЛЫСТЫҚ ҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕСТІҢ МҮШЕСІ: Қаланың тазалығы, экологиясы үшін облыстық қоғамдық кеңес мүшелері қала жұртшылығымен бірге экологиялық акцияға шығып отыр. Шағын болса да экологияға өз үлесімізді қоссақ деп шештік. Қопа көлі маңына ағаш отырғызудамыз. Бұл акция елімізді, қаламызды және халқымызды қолдау мақсатында өткізіледі.