ДИКТОР: Оқу жылының қорытындысы бойынша Мәлік Ғабдуллин атындағы №3 көпсалалы гимназиясының оқушылары арасында «Дарынды оқушы – 2024» шеруі өтті. Оған білімді, алғыр, білім ошағының абыройын асқақтатып жүрген оқушылар қатысты.

ИНТЕРШУМ:

РКС: Шарада қалалық, облыстық, халықаралық пәндік олимпиадаларға, ғылыми жобаларға, спорттық жарыстарға, шығармашылық байқауларға қатысқан 90 оқушы марапатталды. Олардың қатарында Аягөз Шүленбекова да бар. Озат оқушы «Талапты ұл-қыз – тарихи жұлдыз» номинациясы бойынша жүлдеге ие болды.

СНХ: АЯГӨЗ ШҮЛЕНБЕКОВА, М. ҒАБДУЛЛИН АТЫНДАҒЫ №3 КӨПСАЛАЛЫ ГИМНАЗИЯСЫНЫҢ ОҚУШЫСЫ: Мен өткен жылы Президенттік олимпиадаға қатыстым. 4 пән бойынша тапсырмалар берілді. Бұл математика, физика, химия, биология пәндері. Қиын болғанын мойындаймын. Сонда да тапсырмаларды жақсы орындап шықтым. Нәтижесінде, екінші орынға ие болдым. Қазір «Дарынды оқушы» атағын алдым. Өте қуаныштымын.

РКС: «Дарынды оқушы – 2024» шеруін өткізу дәстүрге айналған. Оқушылар бес аталым бойынша марапатталды.

СНХ: АРДАҚ АХМЕТЖАНОВА, М. ҒАБДУЛЛИН АТЫНДАҒЫ №3 КӨПСАЛАЛЫ ГИМНАЗИЯСЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ: Негізі бұл «Дарынды оқушылар» шеруі жылда-жылда өткізілетін үлкен мерекелердің бірі еді. Бірақ, пандемиядан кейін аздап қол үзіп алдық. Сондықтан, биылғы жылы қайтадан жандандырып жатырмыз. Мотивация, ынталандыру ретінде оқушыларды биылғы шеруді Болашақ сарайында, кең сарайда мерекелеп, ата-аналарының қуанышын көріп, мұғалімдердің жетістіктерін көрсету мақсатында өткізіп отырмыз.

РКС: Мерекелік шара барысында мектеп оқушылары көрермен қауымға ән-шашу жолдады. Алдағы уақытта «Дарынды оқушы – 2024» шеруі жалғасын таба бермек.

МАҚПАЛ ЕРҒАЛИЕВА, ЖҮРСІН ӨМІРЗАҚ, АРДАҚ ТІЛЕУҒАБЫЛОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ