ДИКТОР: Жаз мезгілінде облыс бойынша 120 мыңнан астам бала сауықтыру мен демалыстың барлық түрімен қамтылады. Жазғы лагерьлер жұмысын үшінші маусым бастайды, алайда дәл осы күні олардың тек отыз проценті ғана балаларды қабылдауға дайын. Бұл туралы «Аманат» партиясының облыстық филиалында өткен білім және денсаулық сақтау саласындағы сұрақтар жөніндегі кеңестің отырысында айтылды. Кеңес мүшелері бірқатар мәселені ортаға салып, олардың шешу жолдарын қарастырды.

РКС: Қазіргі таңда облыс аумағында 20 лагерь бар. Оларды жаңғыртуға биыл облыс бюджетінен 314,6 миллион теңге бөлінген. Бұл қаражат бірнеше лагерь аумағында күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізуге жұмсалмақ. Кеңес мүшелері лагерьлерге апаратын жолдардың жағдайын сынға алды. Мәселен, Ақкөл және Біржан сал аудандарындағы лагерьлердің сапасы көңіл көншітпейді,- деді отырысқа қатысушылар. Лагерьлердегі тамақтың сапасы да қызу талқыға түсті.

СНХ: ШОҚАН ОРАЗАЛИН, ОБЛЫСТЫҚ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ: «Жалпыға бірдей білім беру» қорынан Халықтың әлеуметтік осал топтарынан шыққан балалар үшін жолдама сатып алуға шамамен 121,5 млн. теңге жоспарланған. Ауыл мектептерінің 5-8 сынып оқушыларына арналған лагерьлерге 1005 жолдаманы «Қазақстан халқына» Қоры» ұсынып отыр. Бұл ұсынған жолдамадарды біз балаалрға атартып бердік. Оның 50 пайызы аз қамтылған отбасынан шыққан балаларға және 50 пайызы спорттан жақсы нәтиже көрсеткен балаларға таратылып берілген болатын.

РКС: Жастарды сапалы білім, саналы тәрбиемен қамту қаншалықты маңызды болса, тұрғындардың денсаулығы да соншалықты назарда. Кеңес мүшелері денсаулық сақтау саласындағы проблемаларды да талқыға салды. Ең маңызды сұрақтардың бірі ақ халаттылардың жалақысы мен ауыл-аймақтарда медициналық нысандар салу мәселесі. Ұлттық жоба аясында облыстың 14 ауданында алғашқы медициналық-санитарлық көмек нысанын салу жоспарланған. Әзірге, 31-і бойынша сараптама нәтижесі дайын, 13 нысанға қажетті қаражат республикалық бюджеттен бөлінген.

СНХ: СВЕТЛАНА ЕРМОЛАЕВА, ОБЛЫСТЫҚ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ БАСҚАРМАСЫ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ: Фельдшерлік-акушерлік пункттердегі медициналық қызметкерлердің жалақысы 2020 жылдың бірінші қаңтарынан бастап жоспарлы түрде жоғарылаған болатын.Денсаулық сақтау саласы қызметкерлерінің кәсіподақ ұйымы мен Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау Министрлігі арасындағы келімі шартқа сай және ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес 2021 жылдың бірінші қаңтарынан бастап медициналық қызметкерлердің айлығына өзгерту енгізілген. Қазіргі таңда облыс бойынша мейірбикелердің жалақысы 299мың теңге болса, кіші медициналық қызметкерлердің орташа айлығы 117 мың теңгені құрайды.

РКС: Жыл сайын жалақы туралы заңнамаға өзгерістер енгізіліп, айлық өсіп жатса да, медицина саласында маман тапшылығы мәселесі әлі күнге дейін өзекті. Бүгінгі таңда, облыс бойынша 200-ге жуық дәрігер жетіспейді. Отырысты қорытындылаған қатысушылар балалардың жазғы демалысын дұрыстап ұйымдастыру қажет, қауіпсіздік басты назарда болуы тиіс. Егер балаларға қауіп төнетін жағдай тіркелсе, ондай лагерьлердің жұмысын тоқтату керек,-деді кеңес мүшелері.

ФАРИЗА АСЫЛБЕКОВА, МЕДЕТ ҚАЙЫРКЕНОВ КӨКШЕ АҚПАРАТ