ДИКТОР: Үлгі ауылының мәдениет үйіне құрылысшы қалағы тимегелі бірнеше жылдың жүзі болды. Жергілікті тұрғындардың кешкілік кино көріп, жастардың би кешіне келетін орын тозып қалып еді. Жыл басында оған қаржы-қаражат бөлініп, қайта жаңғырту жұмыстары басталды.

РКС: Елдімекенге кіре берісте мен мұндалап көзге бірден шалынатын мәдениет ошағының сыртқы келбеті ажарланып қалыпты. Облыс орталығындағы «Көкше-2015» серіктестігінің құрылысшылары тендерді жеңіп алысымен, жұмыла жұмысқа кіріскен. 30-дан астам өз ісінің шеберлері мәдениет үйінің ішкі және сыртқы құрылыс жұмыстарын аяқтауға жақын қалды.

СНХ: БОЛАТ ШАХМЕТОВ, БРИГАДИР: Қыраулы қыс айларында басталған жұмыс бір сәтке де бәсеңсіген жоқ. Әр құрылысшы өзіне тапсырылған міндетті сапалы атқарды. Соның нәтижесінде белгіленген мерзімде тапсырамыз. Негізінен отандық құрылыс материалдарын қолданып жатырмыз.

РКС: Құрыш білек құрылысшыларының бірі – Серікжан Айдарбеков. Ол осы салада ұзақ жылдар бойы еңбек етіп келеді.

СНХ: СЕРІКЖАН АЙДАРБЕКОВ, ҚҰРЫЛЫСШЫ: Қолға алған істі тиянақты орындау менімен бірге еңбек етіп жүрген әр адамсның міндеті. Біз талай объектілерді өндіртіп жұмыс істедік. Солардың бірі Үлгі ауылындағы мәдениет үйін қайта жаңғырту. Қазіргі таңда сыртқы жұмысты аяқтап, ішкі әрлендірумен айналысып жатырмыз. Нысанды мерзімінен бұрын бітіреміз.

РКС: Соңғы жылдары облысымызда мәдени көпшілік нысандардың салынуын және қайта жаңғырту жұмыстары жүйелі жүргізіліп жатыр. Соның үлгісі Біржан сал ауданындағы Үлгі ауылының мәдениет үйі.

ҚАЛЫМБЕК МҰХАМЕДЖАНОВ, ДАРХАН МҮЖІБАЕВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ