ДИКТОР: Облыста білім ошақтары мен мектептерді жаңа оқу жылына дайындық жұмыстары қарқынды жүріп жатыр. Биыл балабақшаларда күрделі жөндеу жұмыстарына облыстық бюджеттен және «Ауыл-ел бесігі» ұлттық бағдарламасы бойынша 400 миллион теңгеден астам қаражат бөлінді.

РКС: Ақмола облысында 600-ден астам мектепке дейінгі ұйым мен 200-ден астам балабақша бар. Жыл сайын бұл мекемелерде жаңарту және ағымдағы жөндеу жүргізіледі.

СНХ: ВЕНЕРА ШӘРІПБАЕВА, ОБЛЫСТЫҚ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАС МАМАНЫ: Ақмола облысы бойынша 3 балабақшада күрделі жөндеу жұмыстары жүріп жатыр. Целиноград ауданында 2 бала бақша және Жарқайын ауданында 1 бала бақша. Жарқайын ауданы бойынша «Шаңырақ» бала бақшасында 30 пайыз жұмыстар аяқталды.Ол абаттандыру жұмыстары. Ал, Целиноград ауданы бойынша Жалғыз құдық ауылындағы «Болашақ» балабақшасында және Нұресіл ауылындағы бала бақшада 50-60 пайыз жұмыстар аяқталған.

РКС: Ғимараты ескірген «Қуаныш» балабақшасы күрделі жөндеуді қажет етеді. Бүгінде мұнда 240-тан астам бала тәрбиеленуде. Келер жылы жылу, су желілерін жаңарту жұмыстары мен қатар күрделі жөндеу жүргізу жоспаланған. Ал биыл сылау, сырлау жүріп жатыр.

СНХ: БАҚЫТЖАМАЛ ОМАРОВА, «ҚУАНЫШ» БӨБЕК ЖАЙЫНЫҢ МЕҢГЕРУШІСІ: Ағымдағы жөндеу жұмыстары аяқталды. Өз күшімізбен мекемені барынша қалпына келтірдік. Атап айтқанда, баспалдақты сырлап, жаңарттық. Кір жуатын орынды жөндедік, сондай-ақ, ас дайындайтын блокты да жинап тазалап алды.

РКС: Айта кетейік, қалада тозған балалар алаңы мен ескірген балабақша ғимараттары да аз емес. Бұл нысандарға келер жылы күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспарланған.

РИЗАГҮЛ ШӘМЕНОВА, СӘБИНА ЖӘМШИТОВА, САБЫРБЕК ШЕРИЯЗДАНОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ