ДИКТОР: Щучинск қаласында көппәтерлі тұрғын үйлердің біріндегі электр қалқанындағы сымдардың қысқа тұйықталуынан өрт орын алды. Оқиға орнына төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері жедел жетті. Құтқарушылардың жедел әрекет етуінің арқасында тұрғын үйден 3 адам сыртқа шығарылды.
СНХ: ЕРСАЙЫН ҚОЙШЫБАЕВ, ОБЛЫСТЫҚ ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАР ЖӨНІНДЕГІ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ РЕСМИ ӨКІЛІ: Өрт сөндіруге арналған арнайы автосаты қолданылып, екінші қабаттан 2, төртінші қабаттан 1 адам құтқарылды. Жарты сағат ішінде өрт толығымен сөндірілді. Үйдің кіреберісі мен пәтерлерге кірген түтін желдету арқылы жойылды. Зардап шеккендер жоқ. Ақмола облысының төтенше жағдайлар департаменті өңірдің әр тұрғынынан өрт қауіпсіздігі ережелерін қатаң сақтауды сұрайды.