ДИКТОР: 5 қыркүйек – халықаралық қайырымдылық күні. Бұл күн өмірлік қиын жағдайларды және өткір гуманитарлық дағдарысты еңсеруде жасап жатқан қайырымдылық қорлар мен жекелеген тұлғалардың қызметінеи қоғамның назарын аударуға ықпал етеді. Аймақта 30-дан астам қайырымдылық ұйымы бар. Бірақ, көптің ішінен халықтың жүрегінен орын алған, Ақмола өңіріне танымал «Доброе сердце Lider.kz» қоғамдық қоры.
РКС: «LIDER.KZ» – волонтерлік ерікті іздестіру қозғалысы. Еліміздің 22 қаласында жоғалып кеткен жандарды іздестірумен айналысады. Қозғалыстың сапында 800-дей волонтер бар. Оларға ақпарат түскен бетте әлеуметтік желілерге таратып, жұмысты бірден бастап кетеді. Волонтерлер балалар мен қарияларды іздестіру жұмыстарына басымдық береді.
СНХ: ЮЛИЯ РУДАЯ, ВОЛОНТЕР: Волонтерлік топқа қосылғаннан кейін көп нәрсенің байыбына барып, біраз дүниені түсіндім. Қорлардың жұмысы жоғалып кеткен жандарды іздестірумен ғана шектелмейді. Қайырымдылықпен де айналысады. Сырқатқа шалдыққан бүлдіршіндерге қаржы жинайды. Жалғызбасты қарияларға қамқор болады. Бір сөзбен айтқанда әлеуметтік жағынан аз қамтылған жандарға қол ұшын созады. Кез келген адам жасына, ұлтына және әлеуметтік мәртебесіне қарамастан қиын жағдайға тап болуы мүмкін.
РКС: Қайырымдылық қорлары түрлі бағыт бойынша көмек көрсетеді. «Балалар үміті» ауыр дертке шалдыққан бүлдіршіндерге бес жылдан астам қолдау көрсетіп келеді.
СНХ: ОЛЬГА ОРЛОВА, «БАЛАЛАР ҮМІТІ» ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ ҚОРЫНЫҢ НЕГІЗІН ҚАЛАУШЫ: Бала-бауыр етіміз, жарқын болашағымыз. Ауыр дертке шалдыққан балаларға көмек көрсетеміз. Шарасыздықтан ата-аналар біздің қорға келіп қолдау сұрайды. Бұл жерде бір нәрсені айтқым келеді. Ауызша сұрай салу деген болмайды. Оның бәрі құжатпен расталуы шарт. Мысалы операция немесе сауықтыру процедурасынан өту қажет болып жатса. Міндетті түрде ата-аналармен келісім-шартқа отырамыз, содан кейін барып қана қаржы жинауды бастаймыз. Бұл жұмысқа азаматтық белсенділерді тартамыз.
РКС: Қайырымдылыққа қатысты түсінік те әртүрлі. Көп ретте садақа берумен шектелетіндей көреді. Ал жалпы алғанда қайырымдылықтың шегі жоқ. Бір қарағанда көзге көрінбейтін кез келген игі іс жақсылыққа жетелейді. Адамның көңілін марқайтады.
МЕРУЕРТ МҰРАТОВА, АРАЙЛЫМ ШЫТЫРЫМБЕК, ЖҮРСІН ӨМІРЗАҚ, КӨКШЕ АҚПАРАТ