ДИКТОР: Қыркүйектің 5-і «Ұлттың сақталуына да, жоғалуына да себеп болатын нәрсенің қуаттысы - тіл» деп ұлағатты сөз қалдырған ақын, ғалым, мемлекет және қоғам қайраткері Ахмет Байтұрсынұлының туған күні. Алаш арысының туған күніне орай елімізде бұл күн Қазақстан халқы тілдер күні деп белгіленген.
РКС: Ахмет Байтұрсынұлы 1872 жылдың қыркүйектің 5-інде қазіргі Қостанай облысы, Жангелді ауданы Сарытүбек ауылында дүниеге келген. Қазақ үшін қасіретті 1937 жылы желтоқсанның 8-і Алматы қаласында өмірден озған. Қазақ халқының 20-сыншы ғасырдың басындағы ұлт-азаттық қозғалысы жетекшілерінің бірі, мемлекет қайраткері, қазақ тіл білімі мен әдебиеттану ғылымдарының негізін салушы ғалым, ұлттық жазудың реформаторы, ағартушы, Алаш Орда өкіметінің мүшесі болған. Ұзақ жыл ұстаздық етті, мектепке қажетті кітаптар жазды. Сонымен бірге қазақ фольклорын жинақтап, басып шығару арқылы қазақ мәдениетін сақтап, ұрпаққа жеткізуге күш салды. Оның осы саладағы маңызды еңбектерінің бірі – араб әліпбиі негізінде жасаған қазақ әліпбиі.
СНХ: АЯН ҚАЖЫБАЙ, ФИЛОЛОГИЯ ҒЫЛЫМДАРЫНЫҢ КАНДИДАТЫ: Байтұрсыновтың қазақтың жаңағы жалпы тіл білімінде болсын әдебиеттану ғылымында болсын жазып кеткен ең басты өзінің тірнақ алды тіл құралы, тіл тағылымы әдебиеттапқыш деген еңбектері осы тіл білімінің, фонетикасынан бастап лексикасы, синтаксисі, морфологиясы толып жатқан тіл заңдылықтарының бәрі. Одан қалды әдебиет теориясының бүкіл терминдік жүйесін соның іргетасын қалап, күні бүгінге дейін қазақтың тіл білімімен жалпы филологиясына қолданып жатқан бүкіл дүниені Ахмет Байтұрсынов әкелгенін жақсы білесіздер. Міне, сондықтанда Ахмет Байтұрсыновтың жалпы қазір өздеріңізге белгілі Байтұрсынов атындағы тілдік институтымыз бар. Осы институттың жіберіп отырған нұсқаулығымен бүкіл республиканың жоғарғы оқу орындарында, орта арнаулы білім мекемелерінде бәрінде Ахмет Байтұрсыновтың әліпбиі, Ахмет Байтұрсыновтың қалаған жазып кеткен үлкен еңбектерімен бәрімізде сусындап, осы еңбектерді жан-жақты таратумен айналып жатқан жайымыз бар.
РКС: Қазақ жазуы 1929 жылға дейін араб графикасын, ал 1929 жылдан 1940 жылға дейін латын алфавитін қолданған. Одан бері қарай орыс әліпбиін қолдануда. 1989 жылы «Тіл туралы заң» қабылданып, қазақ тілі Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі мәртебесін алды. 2017 жылы қыркүйектің 5-і Ахмет Байтұрсынұлының туған күні - Қазақстан халқы тілдерінің күні болып бекітілді.
СНХ: БЕКТҰР МЕРЕЙ, Ш.УӘЛИХАНОВ АТЫНДАҒЫ КӨКШЕТАУ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ СТУДЕНТІ: Бәріміз білетіндей кез-келген ұлттың, кез-келген халықтың нағыз ұлт болып қалыптасуына ең қажеті ол - тіл. Міне бүгін қазақ тілінің төл мерекесі, бұл төл мерекеміз қазақ тіліне еңбегі сінген Ахмет Байтұрсыновтың туған күнімен сәйкес келіп отыр. Қазақ тіліне, қазақ тілінің грамматикасына үлкен үлесін қоса білген Ахмет Байтұрсынұлы қазақ үшін үлкен тұлға. Мен де болашақ ұстаз ретінде, болашақ лингвист ретінде үлгі алып келемін. Университет қабырғасында ұстаздарымыз ол кісінің бізге қалдырған мұраларымен, еңбектерімен, «Тіл-тағылымы» , біз білетін, халықты «Маса» болып оятқан жинақтарымен, «Қырық мысал»мен барлығымен сусындап өсіп келеміз.
РКС: Облыс аумағында Тілдер мерекесіне орай түрлі шаралар жоспарланған.
ЖАНАР МҰҚЫШЕВА, ЖҮРСІН ӨМІРЗАҚ, КӨКШЕ АҚПАРАТ