ДИКТОР: Красный Яр ауылындағы "Нұрлы көш" мөлтек ауданының тұрғындары жолдың сапасына шағым айтуда. Сонымен қатар оларды иесіз жүрген қаңғыбас иттердің мәселесі алаңдатып отыр. Толығырақ тілші материалында.

РКС: Жергілікті тұрғындардың айтуынша, жолдың бұл бөлігінде жөндеу жұмыстары екі жыл бұрын жүргізілген. Бірақ бүгінде тас жолдың бойында шұңқырлар мен ойылған жерлер өте көп.

СНХ: ЖАНСҰЛУ ЕСКЕНДІРОВА, КРАСНЫЙ ЯР АУЫЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ: Осыдан 2 жыл бұрын асфальт төсеген болатын. Қазірдің өзінде ол жол жарамсыз болып қалды. Биыл шамалап жөндеген сияқты. Бір ай болған жоқ, қайтадан бұзылып жатыр. Автобус жүргізушілері Нұрлы көшке келуден бас тартуда. Өйткені мұндай жолда күнде жүрсе автобус қирайды.

РКС: Жергілікті тұрғындардың тағы бір өзекті мәселесі – қаңғыбас иттер. Тұрғындардың айтуынша, үй құстарын қауып, шаруашылыққа зиянын келтіруде.

СНХ: СЕРІКЖАН МӘКІШ, КРАСНЫЙ ЯР СЕЛОЛЫҚ ОКРУГІНІҢ ӘКІМІ: Нұрлы көштегі жолдың ұзындығы 7,4 шақырымды құрайды. 2022-2024 жылдары біз 4,4 шақырымын жөндедік. Оның 3 шақырымында автобус жүреді. 13 маршрут жүретін жолға жөндеу керек. 2025 жылдың жоспарына енгіздік, мәслихат сессиясына өтінім береміз. Егер қала әкімі мен депутаттар қолдаса біз ол жолды асфальттаймыз. Красный Яр ауылдық округінде 200 бос жүрген итті ұстап, алып кетті. Бұған жауапты компания күн сайын келеді деп айтпаймын, бірақ аптасына бір рет келіп жүр.

РЗК: Жергілікті атқарушы органның айтуынша жолдың проблемалық бөлігі келесі жылы жөнделеді. Қаңғыбас иттерді атуға заңмен тыйым салынған сол себепті қажет болған жағдайда ғана оларды ұстап, алып кетеді.

МАҚПАЛ АЙБАБИНА, ЭДУАРД ПОГРЕБИЦКИЙ, ЖҮРСІН ӨМІРЗАҚ, КӨКШЕ АҚПАРАТ