ДИКТОР: 2013 жылдан бастап елімізде қыркүйектің әр екінші жексенбісі Отбасы күні аталып өтуде. Мереке қарсаңында облыстық әкімшілік, қалалық білім бөлімі және "Аманат" қоғамдық бірлестігінің қолдауымен қалалық әкелер одағының "Толағай" отбасылық эстафетасы ұйымдастырылды.

РКС: Мереке қарсаңында нөмері 22 жалпы білім беретін мектепте отбасылық эстафета өтті. Отбасы күніне арналған іс – шара әке мен бала арасындағы қарым-қатынасты жақсарту, отбасы бірлігін нығайту мақсатында ұйымдастырылған.

СНХ: АЛМАСБЕК БЕКЗАН, ҚАЛАЛЫҚ «ӘКЕЛЕР ОДАҒЫ» ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ ТӨРАҒАСЫ: Осы аптаның ішінде бізде бірнеше іс-шаралар өткен. Шара отбасы күніне байланысты осы соңғы іс-шарамызды өткізіп жатырмыз бүгіндікке. Жалпы енді қатысушыларға толағай табыстар тілейміз және осы келешекте отбасының нығаюына өзіміздің үлесімізді қосамыз. Қатысушылардың барлығы осы Көкшетау қаласының мектептерінің ата-аналары ғой. Ата-аналары мен балалары. Яғна ол жерде көп жағдайда ата-аналар, әкелер көбінесе жұмыста болады. Бірақ осындай себеппен әке мен баланың арасындағы қарым қатынасты жақсарту үшін осындай іс-шаралар өткізудеміз.

РКС: Жарыс 4 турдан тұрды. Оған 6-8 сынып оқушылары мен ата-аналары қатысты. Барлығы 6 команда бақ сынады.

СНХ: ӘБІЛМАНСҰР ӘНЕСОВ, ҚАТЫСУШЫ: Мен 7-ші сыныптың оқушысымын. Бүгінгі жарысқа ағаммен қатыстым. Біздің топтың аты «Барыс» болды. Осы сайыстан мен 1-ші орын алдым. Осындай сайыстар көп болса, күшті болушы еді.

РКС: Жарыс қорытындысы бойынша барлық қатысушылар грамота және ынталандыру сыйлықтарымен марапатталды.

ИНТЕРШУМ: марапаттаудан үзінді

ЖАНАР МҰҚЫШЕВА, АРАЙЛЫМ ШЫТЫРЫМБЕК, БАУЫРЖАН СМАҒҰЛОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ