ДИКТОР: Ақмола өңірінің тумасы Давид Дегтярев XVII Жазғы Паралимпиада ойындарында пара пауэрлифтингтен алтын медальді еншіледі. Осылайша жерлес спортшысы ел тарихында алғашқы екі дүркін Паралимпиада чемпионы атанды.

РКС: Давид Дегтярев 54 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өнер көрсетіп жүрген спортшы. 2024 жылғы Паралимпиадаға пара пауэрлифтингте 10 спортшы қатысты. Давид финалда ең жақсы нәтиже көрсетті. Оның 188 келі штанганы көтерген соңғы әрекеті есепке алды.

СНХ: ИРЭН ДЕГТЯРЕВА, ДАВИДТЫҢ АНАСЫ: Қай жарысқа барса да үнемі қараймын. Ол өзіне мақсат қояды да, ештеңеге қарамастан оған жетуге тырысады. Жағымсыз сәттер, қиындықтар болады, бірақ ол барлық қиындықты еңсерді.

РКС: 28 жастағы спортшы Ақмола облысына қарасты Атбасар қаласының тумасы. 2017 жылдан бастап халықаралық жарыстарға қатысып жүр. Естеріңізге сала кетейік, Давид бұған дейін Токио ойындарында да жеңіске жеткен болатын. Паралимпиададағы екі жеңісінен басқа, Давид Азия ойындарының чемпионы және екі дүркін әлем чемпионы.

СНХ: АРДАҚ ТӨЛЕНДИН, ОБЛЫСТЫҚ ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУ ЖӘНЕ СПОРТ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ: Әлемдік рекорд орнатты. Ең мықты спортшыларды жеңді. Давидтың тарихи медалі Ақмола облысындағы паралимпиадалық спортқа жаңа серпін береді деп ойлаймын. Бұл спорт түрімен айналысатын спортшылардың қатары көбейетініне сенімдімін.

РКС: Қазақстан құрамасына Давидтан өзге тағы бір жерлесіміз олжа салды. Оның бірі Еркін Ғаббасов. Ол ең бірінші болып елімізге бірінші марапатты әкелді.

ЕВГЕНИЙ ВАРАНКИН, ҚАЙЫРБЕК ТӨЛЕГЕНОВ, БЕКЖАН ТӨЛЕБЕК, КӨКШЕ АҚПАРАТ.