Атом энергетикасы және атом электр станциясының құрылысы мәселелерін тереңірек түсінгісі келетін азаматтар үшін порталда Gov.kz eGov mobile мобильді қосымшасында жиі қойылатын сұрақтарға жауап беретін жаңа бөлім құрылды. Қазақстандықтар атом энергетикасы мен АЭС құрылысы туралы толық ақпаратқа қол жеткізе алады. Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігі Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігімен бірлесіп Gov.kz порталында және eGov mobile мобильді қосымшасында арнайы ақпараттық бөлімдер әзірлеп, енгізді. Мұнда пайдаланушылар атом энергетикасы, атом электр станцияларының құрылысы мен жұмысы, олардың қауіпсіздігі мен қоршаған ортаға және денсаулыққа әсері туралы өзекті сұрақтарға жауап таба алады. Бұл шаралар әрбір қазақстандықтың атом энергетикасына қатысты барлық аспектілерге объективті баға беріп, референдумға толық және сенімді ақпаратпен қатысуын қамтамасыз етуге бағытталған.