ДИКТОР: Жыл басынан бастап өңірде үй жануарларын асырау және серуендету бойынша бұзушылықтар үшін 400-ден аса ит иелері әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Ақмола облысының полиция департаменті қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында қала тұрғындарына үй жануарларын ұстау мен серуендетудің негізгі ережелерін еске салды. Ақмола облысында үй жануарларын серуендету айналасындағылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, сондай-ақ мүлікке зиян келтіруден қорғау шартымен жүзеге асырылады. Атап айтқанда, үй жануарлары иесінің ерекше жауапкершілігін талап ететін серуендеу орнына қарамастан, 1,5 метрден асатын тұмсық тор және қарғыбаусыз серуендетуге болмайды.
СНХ: ӘЛИЯ БІЛӘЛОВА, ОБЛЫСТЫҚ ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ ӨКІЛІ: Үй жануарларының тұрғын және тұрғын емес үйлерді, оның ішінде қоғамдық орындарды ластауына, сондай-ақ қоршаған ортаға зиян келтіруіне тыйым салынады. Бұдан басқа, елді мекендердің аумағында иттерді қоршалған балалар және спорт алаңдарында, мектепке дейінгі балалар мен мектеп мекемелері, емдеу мекемелерінің аумақтарында, тыйым салу белгілері бар жерлерде серуендетуге болмайды. Айта кетейік, 2023 жылдың 1 қыркүйегінен бастап ит пен мысықты тіркеу міндеттелуде.