ДИКТОР: Қазақстан Республикасының Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев ақмолалық жастармен кездесті. Жиынның басты тақырыбы атом электр станциясының тиімділігі болды. Сонымен қатар Қазақстандағы атом энергетикасын дамытудың оң өзгерістер әкелетіні айтылды.

РЗК: Кездесу барысында Энергетика министрі Қазақстанды тұрақты энергиямен қамтамасыз ету үшін атом энергетикасын дамытудың маңыздылығын атап өтті. Сондай-ақ ол атом электр стансасының энергетикалық тәуелдікке қол жеткізудегі маңызды қадам болатынын атап өтті.

СНХ: АЛМАСАДАМ САТҚАЛИЕВ, ЭНЕРГЕТИКА МИНИСТРІ: Қазіргі уақытта министрліктер мен ведомстволарда 8 гигаваттан аса ірі бизнесмендер мен кәсіпкерлерден өтінімдер бар. Қазақстанның энергетикалық жүйесіне максималды жүктеме шамамен 16,5 гигаватты құрайды. Яғни, бүкіл энергетикалық жүйенің жартысы қазір дайын жобалар, дайын қаржыландыру бар, оны біз электр қуатының жоқтығынан жүзеге асыра алмай отырмыз. Бүгінгі таңда электр энергиясының 65 проценті көмірден өндіріледі. Бір жағынан, бұл жақсы өйткені біз арзан электр энергиясын ала аламыз. Көмір бізге өнімдеріміздің бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Бірақ қазіргі заманда тек қаржылық емес, тіпті өнеркәсіптік елдер де көмірді қаржыландырмайды. Қазба отындарын пайдалануды шектеу бойынша бастамаларды дайындауға тікелей тыйым салынған. Оның басты себебі – қоршаған орта.

РЗК: Сондай-ақ жиында атом электр станцияларына қатысты қауіпсіздік туралы да айтты. Алмасадам Сатқалиев атом электр станцияларын қауіпсіз пайдалану тақырыбына ерекше назар аударды.

СНХ: АЛМАСАДАМ САТҚАЛИЕВ, ЭНЕРГЕТИКА МИНИСТРІ: Бізге ең көп қойылатын сұрақтарға тоқталғым келеді. Ол Фукусима мен Чернобль оқиғаларының зардаптары. Қазір барлық ғылыми зерттеулер негізінен қауіпсіздікті қамтамасыз етуге бағытталған. Яғни, Фукусимадан кейінгі талаптар соншалықты қатал, олар төтенше жағдайлардың туындауын іс жүзінде жоққа шығарады. Қорғаныстың барлық түрлері бар, белсенді және пассивті жүйелерде қорғалмақ.

РКС: Жиынға қатысушылар өздерін қызықтырған сұрақтарды қоюға мүмкіндік алды.

СНХ: ҚАЙРАТ ӘШІР, Ш.УӘЛИХАНОВ АТЫНДАҒЫ КӨКШЕТАУ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ СТУДЕНТІ: Менің ойымша Атом электр стансасын салу біз үшін пайдалы болмақ. Өйткені оған қолайлы орын да бар. Мысалы Балқаш көлінің маңы. Жаңа жұмыс орындары ашылмақ. Ядролық қалдықтар қайта өңделіп, қайта пайдалануға берілмек. Бұл тиімді деп ойлаймын.

СНХ: ЖАНСАЯ ЖОРА, Ш.УӘЛИХАНОВ АТЫНДАҒЫ КӨКШЕТАУ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ СТУДЕНТІ: Бүгінгі жиынның басты тақырыбының бірі – Мемлекет басшысының жолдауы. Атап айтқанда, жақын арада өтетін референдум туралы. Өйткені біздің мемлекет үшін атом электр станциясының салынуы экология үшін де, мемлекет қаржысы үшін де өте тиімді іс. Менің ойымша, бұл дұрыс, бірақ оны дұрыс құру үшін білікті адамдар қажет.

РКС: Энергетика министрі сондай-ақ атом электр станцияларының құрылысы жас мамандарға кең мүмкіндік ашатынын атап өтті. Сондай-ақ атом энергетикасы саласында кадрлар даярлаудың маңыздылығына тоқталып, жас мамандарды дайындау мен олардың біліктілігін арттыруда мемлекет тарапынан жан-жақты қолдау көрсетілетініне сендірді.

МАҚПАЛ АЙБАБИНА, ЭДУАРД ПОГРЕБИЦКИЙ, ПАВЕЛ СОЛОВЬЕВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ