ДИКТОР: Қазақстан халқы тілдері күніне орай "Мың бала" республикалық мәдени-ағарту жобасының аясында облыс аумағында жалпықазақстандық ашық диктант өтті. Қазақтың біруар перзенті Тұрар Рысқұловтың 130 жылдық мерейтойына арналған іс-шараға қатысуға ниет білдіргендер қарасы көп.

РКС: Жалпықазақстандық диктант "Тұрар Рысқұлов - тарихи тұлға" тақыбында ұйымдастырылды. Қазақстан азаматтының мемлекеттік тілді меңгеру деңгейін арттыруға ықпал ету мақсатында өткен іс шараға облыс бойынша 100 мыңнан аса адам қатысты. Олардың ішінде аудан, қала мектептерінің оқушылары, жоғары оқу орындары мен колледжд студенттері, мемлекеттік қызметшілер, этномәдени бірлестік өкілдері бар.

СНХ: СҰЛУХАН ЮМАШЕВА, «ҚОҒАМДЫҚ КЕЛІСІМ» МЕМЛЕКЕТТІК КОММУНАЛДЫҚ МЕКЕМЕСІНІҢ МАМАНЫ: Жобаның мақсаты мемлекеттік тілдің Қазақстан халқын біріктірушісі фактор ретінде қоғамдағы рөлін нығайту болып табылады. Диктанқа қатысушылар жастар ұйымдарының өкілдері, мемлекеттік және азаматтық қызметшілер, студенттер, оқушылар, этно ұлттық орталық өкілдері қатысты.

РКС: Диктантқа қатысушылар мемлдекеттік тілде сауатты жазу деңгейін тексеруге мүмкіндік алып, оның маңыздылығына назар аударды.

СНХ: ДИЯР РАЙЫСОВ, "АССАМБЛЕЯ ЖАСТАРЫ" ЖАСТАР ҚАНАТЫНЫҢ МҮШЕСІ: Мен татар ұлтынанмын. "Мың бала" жобасының аясында жалпықазақстандық диктантқа қатыстым. Тіліміздің тұғыры биік болсын.

РКС: Мемлекеттік тіл Қазақстан халқын біріктіруші фактор. Сол себепті мұндай іс шаралар көптеп ұйымдастырылса дейді оған қатысушылар. Жалпықазақстандық ашық диктантқа қатысқандарға электронды сертификаттар тапсырылды.

МАҚПАЛ АЙБАБИНА, АЛМАС СӘДУАҚАСОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ