ДИКТОР: 6 қазанда Қазақстанда атом электр станциясын салу мәселесіне арналған республикалық референдум өтеді. Елімізде энергия тапшылығының күрт өсуін есепке алсақ, сенімді әрі экологиялық таза көзіне деген сұраныстың артып отырғаны сөзсіз. Атом энергетикасын дамытуға ерекше назар аудару қажет. Ел өміріндегі маңызды қадам жұртшылықпен бірлесіп жасалуы тиіс екенін де мемлекет басшысы Жолдауда қадап айтты. Атом электр станциясының құрылысы аса маңызды әрі жауапты іс. Елдің дамуына бей-жай қарамайтын, жасы 18-ге толған әр қазақстандық референдумға қатысып, өз үлесін қосуы тиіс. Халықтық референдумды ұйымдастыру жауапты жоба. Бүгінгі күні энергияның қауіпсіз көзімен қамтамасыз ету үшін заманауи технологиялар баршылық. Сондықтан, Қазақстан атом электр станциясын салуы тиіс. Оған қай жағынан алып қарасақ та құқылы,-дейді техника ғылымдарының докторы Сағат Мұхамедин.
СНХ: САҒАТ МҰХАМЕДИН, ТЕХНИКА ҒЫЛЫМДАРЫНЫҢ ДОКТОРЫ: Осы тұрғыдан қараған кезде атом электростанциясының елімізде салынуы өте қажет. Біріншіден бұл экологиялық өте таза электростанциялары, энергия көзі. Дүние жүзінде қазір 400-ден артық реакторлар жұмыс істеп тұр. Олардың енді көбісі АҚШ-та, көпшілігі Германияда, оның бер жағында Францияда өте көптеген жылу АЭС станция жұмыс істеп тұр. Ал енді біздің көршіміз Ресейде 40-50-дей осындай реакторлар жұмыс істеп тұр, олар жақсы пайдаланып жатыр. Біріншіден АЭС экология өте таза, екіншіден жанармай қолдану осынын барлығы оның қажеті жоқ. Бір электростанциясын, бір ректорға қосатын болсақ, ол 40-60 жылға дейін жұмыс істейді. Әрине, қауіпсіздік мәселелері қаралады, қазіргі кездегі осы заманда технологиялары жақсы, олардың қорғалуы, адамзатқа радиация таралмауы жақсы қарастырылған.