ДИКТОР: Республикалық халықтық штаб Ақмола облысына келді. Жұмыс тобы Көкше-жылу қазандығы, «КАМАЗ-инжиниринг», «Қоғамдық келісім» мекемелерін аралады. Толығырақ әріптесім Жанар Мұқышева баяндайды.

РКС: Республикалық халықтық штабтың мақсаты – Мемлекет басшысы Жолдауында айтылған атом электр станциясын салу туралы халыққа түсіндіру жұмыстарын жүргізу. Атом электр станциясын салу идеясына кей азаматтар ықтимал апаттардан және қоршаған ортаға тигізетін зардаптардан қорқады. Штаб мүшелері РК-2 жылу қазандығының еңбек ұжымымен кездескенде атом қоршаған орта мен адам денсаулығы үшін қауіпсіз екеніндігін айтты.

СНХ: БАНУ НҰРҒАЗИЕВА, ҚАЗАҚСТАН АЗАМАТТЫҚ АЛЬЯНСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ: Атом энергиясы мүлдем қауіпсіз, экологиялық таза және жасыл энергияға жатады. Атом реакторынан шығатын түтін, бұл шындығында жай ғана бу. Табиғатқа бірде-бір қалдық таралмайды. Табиғатқа зияны жоқ дей аламыз.

РКС: Бұдан соң штаб мүшелері "КАМАЗ-Инжиниринг" кәсіпорынының жұмысшыларымен кездесті. Атом электр станциясы заманауи озық технологиялар бойынша салынады. Елде электр энергия тапшылығы жойылып, жаңа жұмыс орындары ашылмақ.

СНХ:ТАЛҒАТ ТЕМІРХАНОВ, «ҚАЗАҚСТАН ЭЛЕКТР ЭНЕРГЕТИКА» ҚАУЫМДАСТЫҒЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ»: Басты сұрақ-қауіпсіздік мәселесі. Станция барлық қауіпсіздік стандарттарына сәйкес салынады. Екіншіден, 2 мыңнан аса адам осы станцияға жұмысқа орналасады.

РКС: Бұдан соң жұмыс тобының мүшелері тұрғындармен кездесіп, қазанның 6-сында өтетін атом электр станциясын салу мәселесі бойынша республикалық референдумда дауыс беруге шақырды. Ұсынысты халық қолдаған жағдайда, елімізде 2035 жылға қарай жаңа атом электр станциясы салынбақ.

ЖАНАР МҰҚЫШЕВА, ҚАЙЫРБЕК ТӨЛЕГЕН, КӨКШЕ АҚПАРАТ