ДИКТОР: Көктемгі су тасқыны Бұланды ауданына қарасты бірнеше елдімекенді айналып өткен жоқ. Соның бірі – Капитоновка ауылы. Бұл елдімекенде тасқын судан 30-дан астам отбасының үйі апатты деп танылған. Соның 15-і баспаналы болды. Бұланды ауданына жұмыс сапарымен барған облыс әкімі Марат Ахметжанов салтанатты түрде үйдің кілтін табыстады. Әріптесім Лаура Дәулетбек баяндайды.

ИНТЕРШУМ:

РКС: Баспана алушылардың қатарында Динара Төлебаеваның ата-анасы да бар. Көктемгі су тасқыны кезінде үйлерін толығымен су басып қалған. Салдарынан, үй апатты деп танылды. Жаңа үйге қажетті коммуникациялық желінің бәрі тартылған.

СНХ: ДИНАРА ТӨЛЕБАЕВА, БҰЛАНДЫ АУДАНЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ: Ата-анамның қуанышын бөлісуге келдік. Көптен күткен күн! Біщ үшін елеулі. Үлкен іс атқарылып жатыр президентіміздің үндеуімен. Енді от пен су тілсіз жау дейміз ғой. Келіп қалғанда үйсіз қалып, жағдайлары нашарлар, көңілдеріне де түсіп денсаулықтарына да қал берген болатын.

РКС: Ауыл тұрғындары атқарушы билік өкілдері қажетті көмектің бәрін жасағанын айтуда. Жедел әрекет етіп, қыс түспей тұрып, осындай баспана тұрғызып беріп отыр. Алғысымыз шексіз,-дейді.

СНХ: ТӨЛЕУБЕК ЖҮСІПБЕКОВ, БҰЛАНДЫ АУДАНЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ: Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен үй салу жоспары іске асырылып, міне жерлестеріміз жылы, барлық тұрмыстық жағдай қалыптасқан үйге ие болып отыр. Сөз жоқ бұл үлкен президенттің бізге деген көңілінің белгісі деп түсінемін. Алдымен президенттің бізге деген қомқорлығы үшін, шын мәнінде бізге жасаған жақсылығы үшін ауданымыздың ақсақалдарының атынан рахмет айтып, жұмысы жемісті болсын деп тілеймін!

РКС: Бұдан бөлек, бұл елдімекенде 10-нан астам жанұя қауіпсіз жерге көшірілді. Сонымен-қатар, 100-ге тарта отбасына су тасқынынан зардап шеккен мүліктерінің шығыны өтелді. 120-ға жуық жанұяның мүлкі қалпына келтірілді.

СНХ: МАРАТ АХМЕТЖАНОВ, АҚМОЛА ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ: Біз баспананы Президенттің қойған талаптары бойынша беріп отырмыз. Ешкім қамқорлықсыз қалмайды деді президентіміз. Қысқа жетпей осы ауданның зардап шеккен тұрғындары баспанамен қамтылады.

РКС: Биыл көктемгі су тасқыны өңірдің басым бөлігін әбігерге салды. Көптеген жер үйлер мен қоралар топан судың астында қалды. Күрделі кезеңде барша ақмолалықтарға «Қазақстан халқына» қоғамдық қоры қол ұшын созды.

СНХ: БОЛАТ ЖӘМІШЕВ, «ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫНА» ҚОҒАМДЫҚ ҚОРЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ: «Қазақстан халқына» қоры еліміз бойынша 5 өңірде 600-ден астам үй салып жатыр. Ол қордан 16 млрд.теңге бөлінді. Біздің ұйым ауылды жерде зардап шеккен тұрғындарға қол ұшын созуға қашан да дайын.

РКС: Алдағы уақытта Бұланды ауданына қарасты Вознесенка, Ивановка және Журавлевка елдімекендерінің тұрғындары да жаңа баспанаға қол жеткізбек. Бүгінде, 100 жекеменшік үйдің құрылысы аяқталуға жақын. Ивановка ауылының тұрғындары қыркүйек айының соныңда қоныс тойын тойлайды деп жоспарланып отыр.

ИНТЕРШУМ:

ЛАУРА ДӘУЛЕТБЕК, МЕДЕТ ҚАЙЫРКЕНОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ