ДИКТОР: Қазақстан Республикасының энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев Ақмола өңіріне жұмыс сапарымен келді. Көкшетау-Энерго еңбек ұжымымен кездесу өткізілді. Күн тәртібіндегі басты мәселе - Қазақстанда атом электр станциясын салу. Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев атом электр станциясы құрылысының жылу электр орталығы мен басқа станцияларға қарағанда негізгі артықшылықтарын атап өтті. Атом электр станциясын салу еліміздегі энергия тапшылығы мәселесін шешуге мүмкіндік береді, жаңа жұмыс орындары ашылады. Сонымен қатар, басты артықшылығы - ол озық заманауи технологиялар бойынша салынады. Яғни, экологиялық қауіпсіздікке кепілдік беріледі. Сонымен қатар, кездесуде 6 қазанда өтетін республикалық референдум туралы айтылды.
СНХ: АЛМАСАДАМ САТҚАЛИЕВ – ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЭНЕРГЕТИКА МИНИСТРІ: Егер, шартты түрде, станцияда электр қуаты өшіп қалса, басқарылмайтын ядролық реакцияның даму қаупі толығымен жойылады. Бұл реакторлар үшін ең соңғы апат қаупі бұл 10 миллион жылына біреу. Ол үшін атом станциясын салу үшін жобалауға 3-4 жыл қажет. Құрылысқа 8-10 жыл қажет болады. Яғни, бұл станция пайдалануға берілген кезде бұл тарифтер онша жоғары болмайды.