ДИКТОР: Отбасы-сыйластық, жарастық орнаған орта, кішкентай Отан. Облыс орталығында «Мәдениетті ана-мәдениетті ұлт» республикалық жоба аясында отбасы күніне орайластырылып,«Қазақ мәдениетінде, әдебиетте отбасы бейнесі» атты іс-шара өтті. Бұл туралы әріптесім Сабина Жамшитова баяндайды.
РКС: Отан отбасынан басталады демекші әрбір отбасы өз алдына жеке мемлекет. Адамның тұлға болып қалыптасуының бастауы отбасыдан басталады.
СНХ: АНАРГҮЛ МҰХАМЕДРАХИМОВА, ОБЛЫСТЫҚ АНАЛАР КЕҢЕСІ ТӨРАҒАСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ: Бізде керемет осындай іс-шара өтіп жатыр. Аналар кеңісінің инициативасымен отбасы күніне орай «Мәдениетті ана-мәдениетті ұлт» аясында Осы бірге тұрған 50 жыл, 30 жыл, 10 жыл тұрған отбасыларды шақырып, құттықтап отырмыз. Бірінші мақсатымыз ол халқымыздың сондай ең басты рухани байлығымыз, құндылығымыз ол отбасы, соны ешқашан ұмытпайық және де жаңа жас ұрпаққа үлгі ретінде көрсеткіміз келеді.
РКС: Көкшетау қаласының тұрғындары - Есмағұловтар жанұясының шаңырақ көтергеніне биыл 50 жыл толып отыр. Қазіргі таңда ардақты ата мен аяулы әже 3 баласынан 11 немере, шөбере сүйіп отыр.
СНХ: ҚАЙЫРТАЙ ЕСМАҒҰЛ, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ: Отбасы күні дейді алдымыздағы 8-і барлық отбасыларды отбасылары берік болсын, отбасылары, балалары бақытты болсын, өздері ешқашанда жамандық көрмесін, барлықтарын құттықтаймын.
РКС: Салтанатты шара барысында 50 жыл отасқан отбасыларға «Алтын ШАҢЫРАҚ», 30 жыл отасқандарға «Күміс КЕРЕГЕ», 10 жыл бұрын бас қосқан, бүгінде көпбалалы отбасына айналған шаңырақ иелеріне «Жас ОТАУ» номинациясы табысталды. Үлгілі отбасыларға бағалы сыйлықтар табысталды. Салтанатты шара концерттік бағдарламамен жалғасын тапты.
САБИНА ЖАМШИТОВА, АЛИШЕР ШАКУБАЕВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ