Жүргізуші: «Оқжетпес» қатарынан сегізінші жеңісіне қол жеткізді. Көкшетаулық футбол клубы Қазақстан бірінші лигасының 17-інші турында өз алаңында «Арыстан» басым түсті. Алаң иелері қарсыластарын 7-1 есебімен ойсырата ұтты.

КСМ: "Оқжетпестің" футболшылары ойынның 9-ыншы минутында жылдам гол соғып, жанкүйерлерін қуантты. Есепті Нияз Ыдырысов ашты. Араға 6 минут салып, көкшетаулықтар есепті еселей түсті. Дәурен Жұмат айып алаңының сыртынан соққы жасап, қақпаны дәл көздеді. Бірінші таймнан кейін жанкүйерлердің көңілі керемет болды.

СНХ: ГЕННАДИЙ ФИЛИППОВ – «ОҚЖЕТПЕС» ФК ЖАНКҮЙЕРІ: Соңғы ойындардың жақсы өткізіп жүр. Жігіттер жарап тұр. Толығымен беріліп ойнайды. Бүгінгі матч өте жақсы. Жарайсыңдар. Дөрекілік жоқ. Төреші де жақсы қызмет етіп жатыр.

КСМ: Екінші тайм "Оқжетпестің" ойыншылары өздерінде болған мүмкіндіктерді барынша пайдалана білді. Көкшетаулық футболшылар тағы 5 гол салды және өз қақпасына бір-ақ гол өткізіп алды. Гол авторлары: Дмитрий Мирошниченко, Әлихан Серікбай, Рауль Аллахвердиев, ал Батырхан Тәжібай дубль жасады. Бүгін өзінің сүйікті командасының ойынын тамашалауға Әлібай Рязанов келді. Ол - 60 жылдан астам уақыт "Оқжетпеске" жанкүйер. Легионерлердің орнына, клубтың тәрбиеленушілері ойнап жүргені қуантады, -дейді ол.

СНХ: ӘЛІБАЙ РЯЗАНОВ – «ОҚЖЕТПЕС» ФК ЖАНКҮЙЕРІ: Команда әр ойын сайын жетіліп келеді. Ойыншылар жас. Олар алдағы уақытта да жақсы ойнайды деп ойлаймын. Премьер-лигаға шығу үшін оларға стимул керек.

КСМ: Қорытынды есеп 7-1 болды. "Оқжетпес" келесі ойынын 2-інші тамызда өз алаңында оралдық "Ақжайыққа" қарсы өткізеді. Көкшетаулық клуб 17-інші турдан кейін 36 ұпаймен бірінші лигада көш бастап тұр.