ДИКТОР: Шомылу маусымы басталғалы су айдындарында қайғылы оқиғаларындың болуы жиілей түсті. Сондай-ақ, осы уақытта құтқару қызметкерлерінің жұмысы айтарлықтай артады. Осы ретте, Қопа көлінің жағалауына арнайы бейнебақылау камерасы орнатылды.

РКС: Өңірдегі құтқарушылар азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған іс-шараларды жүйелі түрде жүргізеді. Жаппай шомылатын орындарды бақылауда ұстайды.

ИНТЕРШУМ:

СНХ: ҒАНИ ҚҰСАЙЫНОВ, ОБЛЫСТЫҚ ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАР ДЕПАРТАМЕНТІ ЖЕДЕЛ-ҚҰТҚАРУ ЖАСАҒЫ БАСТЫҒЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ: Біздің жасақтың жеке құрамы Ақмола облысының су қоймаларында азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуде. Құтқару бөлімшесі Көкшетау мен Щучинск қаласында, Бурабай, Зеренді аудандары және Үлкен Шабықты көлінде орналасқан. Кезекшілік тәулік бойы жүргізіледі. Құтқарушылар су айдындарын бақылауды жүзеге асырады. Сондай-ақ, олар стандартты жүзу құралдарын пайдаланып айналма жолдарды жүргізеді.

РКС: Жаңа камераның арқасында құтқарушылар нақты уақыт режимінде жағдайды бақылай алады. Бұл ықтимал оқиғаларды алдын алуға және қауіпті жағдайда жылдам әрекет етуді қамтамасыз етуге көмектеседі. Сондай-ақ, бейнебақылау оқиғалардың себептерін және олардың алдын алу үшін қажетті шараларды қабылдауды жеңілдетеді.

СНХ: ЖАНАТ АСЫЛБЕКОВ, ОБЛЫСТЫҚ ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАР ДЕПАРТАМЕНТІ АЗАМАТТЫҚ ҚОРҒАУ БӨЛІМІНІҢ БАСТЫҒЫ: Мұнда камера орнатты. Қопа көлінің жағасын толығымен алып жатыр. Бұл жағалау, одан әрі суға түсуге тыйым салынған жерлерде қамтылған. Ол жерде қамыс өсіп жатыр. Ережені бұзған адамдарды көруге болады. Біз бірден әрекет етеміз. Біз сол жерге патруль жібереміз, ол күнде кезекшілік жасайды. Біз оларды заң аясында әкімшілік жауапкершілікке тартамыз.

РКС: Мас күйде су айдындарына түсуге болмайды. Тыйым салынған жерлерде де шомылмау керек, - дейді жауапты сала мамандары.

ЛАУРА ДӘУЛЕТБЕК, ЭДУАРД ПОГРЕБИЦСКИЙ, ДАРХАН МҮЖІБАЕВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ