ДИКТОР: Несие мен микроқарыздарды төлеу міндеттемелерін орындауда қиындыққа тап болған азаматтар үшін «Қазақстан Республикасы азаматтарының төлем қабілетін қалпына келтіру және банкроттығы» туралы Заң қабылданған болатын. Бұл кредиторлар алдындағы борыштық міндеттемелерді реттеудің Заңмен белгіленген тәсілі. Биыл облыстық мемлекеттік кірістер органдарына банкроттық рәсімді қолдану туралы 3 мыңнан астам өтініш келіп түскен.

РКС: Өтініш көп келіп түсетін аймақтардың көшін бастап тұрған қаланың бірі Көкшетау. Биыл банкроттық рәсімді қолдану туралы 2 мыңнан астам тұрғынның өтініші қаралған. Тізімнің кейінгі сатысында Целиноград ауданы мен Степнагорск қаласы тұр. Заң жүзінде жеке тұлғалардың банкроттығы 3 түрлі жолмен жарияланады. Басты талаптардың бірі-қарызы 1600 айлық есеп көрсеткішінен аз, 12 айдан астам уақыт төлем жасалмаған болу керек және мүліктің болмауы. Ал, соттан тыс банкроттық рәсімін қолдану туралы өтінішті халыққа қызмет көрсету орталықтарында және электрондық үкімет порталы арқылы бере алады. Айта кетейік, жеке тұлғалардың өтініштері «Tazalau» ақпараттық жүйесіне келіп түседі.

СНХ: ТОБЫЛ ДЕМЕСІНОВ, АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БОЙЫНША МЕМЛЕКЕТТІК КІРІСТЕР ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАСҚАРМА БАСШЫСЫ: Ақпараттық жүйеде 24 мемлекеттік орган мен ұйымның деректер базасы арқылы азаматтардың банкроттық рәсімін қолдануға сәйкестігі тексеріледі. Бүгінде облыстың мемлекеттік кірістер органдарына соттан тыс банкроттыққа 3500-ден астам өтініш келіп түсті. Оның ішінде 230-дан астам азаматқа банкроттық рәсімдер жүргізілуде. Банкроттық рәсімдерді жүзеге асыру 6 ай уақытты талап етеді. 580 миллион теңгеден асатын 394 борышкер банкрот деп танылды. Ал, 2700-ден астам жеке тұлғалардың өтініштері қабылданған жоқ. Себебі, басты талаптарға сай келмеуі.

РКС: Банкроттыққа ұшырау мәселені толық шешпейді. Ал, оның салдарынан қаржы ұйымдарынан 5 жыл көлемінде қарыз алуға тыйым салынады және 3 жыл мүлік сатып алу, бақылау мониторингі арқылы жүзеге асады. Айта кетейік, биыл маусымның 19-зы аталмыш заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заңға қол қойылды.

СНХ: ТОБЫЛ ДЕМЕСІНОВ, АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БОЙЫНША МЕМЛЕКЕТТІК КІРІСТЕР ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАСҚАРМА БАСШЫСЫ: Енгізілген түзетулерге сәйкес енді 12 ай iшiнде, төлем сомасы 1 айлық есептiк көрсеткiштен аспайтын болса төлем жасалды деп есептелмейді. 1 айлық есеп көрсеткіш сомасы шамамен 3922 теңгені құрайды. Банкроттықты рәсімдеу кезінде, қаржылық ұйымдармен несиені реттеу бойынша құжаттар және кредиторлар тізімі талап етілмейді. Көрсетілген өзгерістер бойынша енді лицензиясынан айырылған банк, коллекторлық агенттік, шағын кредиттік ұйымдар бойынша да банкроттыққа беруге болады.

РКС: Сондай-ақ, бұл заңда бірқатар түзетулер қарастырылған. Атап айтсақ, борышкерлер соттан тыс банкроттық рәсімін қолдану туралы өтініш берген кезде, кредитор және қарыз сомасы туралы мәлімет көрсетпейді. Өтінішке құжаттарды қоса беруге міндетті емес. Бірақ, тиісті рәсімді қолдану үшін жұбайының келісімі қажет. Түзетулер тамыздың 25-інен бастап күшіне енеді.

РИЗАГҮЛ ШӘМЕНОВА, БАУЫРЖАН СМАҒҰЛОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ