ДИКТОР: "Таза Қазақстан" акциясы аясында Ерейментау ауданына қарасты Торғай ауылындағы саябаққа 85 ағаш көшеті отырғызылды. Саябақ ішінде балалар ойын алаңы, воркаут бұрышы және әр түрлі беседкалар бар. Саябақты абаттандыру жұмыстарына 4 млн теңгеден астам қаржы бөлінді. Алдағы уақытта да ағаш көшеттерін отырғызу жұмыстары өз жалғасын таппақ. Елдімекенде соңғы жылдары демалыс пен спорт алаңдары да көбейіп келеді.

СНХ: ЛЕЙЛА БУХАБАЙ, ЕРЕЙМЕНТАУ АУДАНЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ: Біздің ауылымыз жылдан жылға көркейіп жатыр. Балаларымызға үлкен мүмкіндік жасалып жатыр. Осындай мүмкіндік жасап отырған әкіміміз Марат Қанатұлына және әкімшілікке көп-көп рахметімізді айтамыз! Кешкісін балаларымыз, немерелерімізбен осы жерде серуендейміз, отырмыз. Жан-жағымызда барлығы көгалдандырылған, бәрі орнатылған.