ДИКТОР: Жылыту маусымына дайындық барысы мен халықты сумен қамту сияқты өзекті мәселелер аймақ басшысы Марат Ахметжановтың Степногорск қаласының тұрғындарымен кездесу барысында көтерілді. Сондай-ақ, тұрғын үй құрылысы, индустриялық сектор, жол желісі, білім беру, денсаулық сақтау және басқа да салалардағы жоспарлар мен атқарылған жұмыстар туралы сөз қозғалды.

РКС: Тұрғындарды толғандыратын басты мәселе - жылыту маусымына дайындық. Авариялардың алдын алу, жылуды үздіксіз беру үшін желілерді қайта жаңарту қолға алынды. Жалпы жылыту маусымына дайындыққа 11 млрд. теңге қаражат бөлінді.

СНХ: МАРАТ АХМЕТЖАНОВ , АҚМОЛА ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ: Бүгінде, жылу магистральдық желілердің 80% -і тозған. Былтыр бұл мәселеге назар аударылып, қауіпті желі учаскелерін жөндеуге үкімет резервінен 2 млрд теңге бөлінгенімен, тозу көрсеткіші 1,02 процентке қана төмендеді.

РКС: Облыс әкімі Марат Ахметжанов өнеркәсіп дамыған моноқалалардың ішінде Степногорск қаласы екінші орында екенін атап өтті. Өнеркәсіптердің қуаттылығын арттыру жұмыстарын іске асыруға бағытталған жоспарды 1 ай уақыт ішінде пысықтауды тапсырды. Себебі, еліміздің моноқалаларының арасында кәсіпорны дамыған қуатты өңір болу көзделген. Сонымен қатар, халықты сумен қамту мәселесі де қозғалды.

СНХ: МАРАТ АХМЕТЖАНОВ, АҚМОЛА ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ: Сорғы станциясынан Степногорск қаласына дейінгі магистральды су құбырларын қайта жаңартуға жұмыстарына 10 миллиард теңгеге жуық қаражат бөлінді. Бұл өте қымбат жоба. Сондықтан біз учаскелерге бөлдік. Жұмыстың маңыздылығын түсіне отырып, біз республикалық бюджеттен қаражат күтпедік, кейбір жобаларды тоқтатып, жергілікті бюджет есебінен іске асыруды бастадық .

РКС: Тұрғындар жер, аббаттандыру, жылумен жабдықтау, денсаулық сақтау, спорт, автобус қозғалысын қалпына келтіру мәселелерін де тілге тиек етті. Айта кетейік, әлеуметтік-экономикалық дамуына қосқан үлесі үшін Степнагорск қаласының азаматтары облыс әкімінің алғыс хаттарымен марапатталды.

РИЗАГҮЛ ШӘМЕНОВА, ЗАРИНА БЕКҚАЛИЕВА, ДАРХАН МҮЖІБАЕВ, АРДАҚ ТІЛЕУҒАБЫЛОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ.